" />
«АКМОЛА ОБЛЫСЫ БІЛІМ БАСКАРМАСЫНЫҢ АТБАСАР АУДАНЫ БОЙЫНША БІЛІМ БӨЛІМІ»  МЕМЛЕКЕТТІК МЕКЕМЕСІ
ГОСУДАРСТВЕННОЕ УЧРЕЖДЕНИЕ «ОТДЕЛ ОБРАЗОВАНИЯ ПО АТБАСАРСКОМУ РАЙОНУ УПРАВЛЕНИЯ ОБРАЗОВАНИЯ АКМОЛИНСКОЙ ОБЛАСТИ»

     

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Орыс тілі мен әдебиеті мұғалімдерінің әдістемелік бірлестігінің отырысы қазақ тілінде оқытатын сыныптарда

06.01.2026
6 қаңтар күні қазақ тілінде оқытылатын мектептерде жұмыс істейтін орыс тілі мен әдебиеті пәні мұғалімдерінің аудандық әдістемелік бірлестігінің отырысы өтті. Отырыс аралас онлайн форматта ұйымдастырылды: қалалық мұғалімдер Атбасар қаласының N1мектебінде офлайн түрде, ауылдық мектептердің ұстаздары Zoom платформасы арқылы қосылды. Мұндай формат барлық педагогтердің қатысуына мүмкіндік беріп, кәсіби тәжірибе алмасуға қолайлы жағдай жасады.Күн тәртібініндегі бірінші мәселе — «Орыс тілі мен әдебиеті сабақтарында сыни ойлау әдістерін қолдану» тақырыбында Амренова А.К. өз іс-тәжірибесімен бөлісті. Баяндамашы сыни ойлау стратегияларының оқушылардың мәтінмен жұмыс жасау, талдау және өз пікірін дәлелдеп айту дағдыларын дамытудағы тиімділігін атап өтті. Екінші мәселе — «Орыс тілі мен әдебиеті сабақтарында қалыптастырушы бағалау әдістерін қолдану» тақырыбында Тукушева З.А. баяндама жасады. Ол қалыптастырушы бағалаудың негізгі түрлеріне тоқталып, кері байланыстың оқу үдерісіндегі маңызды рөлін атап көрсетті.
Күн тәртібінің соңғы мәселесі ретінде орыс тілі мен әдебиеті мұғалімдерінің бірінші жартыжылдықтағы жұмысына мониторинг жүргізу қарастырылды. Жетекші Габбасова Б.С. атқарылған жұмыстарға талдау жасап, алдағы кезеңге арналған негізгі бағыттарды белгіледі. Отырыс іскерлік әрі нәтижелі жағдайда өтті. Қатысушылар ұсынылған материалдардың тәжірибелік маңыздылығын атап өтіп, алынған білім мен тәжірибені алдағы жұмыста тиімді қолдануға дайын екендіктерін білдірді.
 
Просмотров: 67


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст