19.12.2025
Педагогикалық инновациялар бағытындағы мазмұнды әрі нәтижелі іс-шара өтті

Атбасар қаласындағы № 5 жалпы білім беретін мектепте «Сабақтан жобаға дейін» тақырыбында педагогикалық инновациялар бойынша аудандық интенсив жоғары деңгейде ұйымдастырылып, өткізілді. Интенсив барысында мұғалімдер сабақта жобалық-зерттеу тәсілдерін тиімді қолдану, оқушының функционалдық сауаттылығын арттыру, шығармашылық әлеуетін дамыту жолдары бойынша құнды тәжірибе алмасты. Ұсынылған идеялар мен практикалық жұмыстар қатысушылар үшін үлкен әдістемелік қолдау болды.
Іс-шараны сапалы ұйымдастырғаны, кәсіби тәжірибесімен бөліскені және жылы, шығармашылық атмосфера қалыптастырғаны үшін № 5 жалпы білім беретін мектептің директоры Кизкенова Газиза Ануарбековнаға және мектеп ұжымына алғысымызды білдіреміз. Сіздерге шығармашылық табыс, жаңа жетістіктер, кәсіби өсу мен педагогикалық инновацияларды жүзеге асыру жолында толағай жеңістер тілейміз!
