«АКМОЛА ОБЛЫСЫ БІЛІМ БАСКАРМАСЫНЫҢ АТБАСАР АУДАНЫ БОЙЫНША БІЛІМ БӨЛІМІ»  МЕМЛЕКЕТТІК МЕКЕМЕСІ
ГОСУДАРСТВЕННОЕ УЧРЕЖДЕНИЕ «ОТДЕЛ ОБРАЗОВАНИЯ ПО АТБАСАРСКОМУ РАЙОНУ УПРАВЛЕНИЯ ОБРАЗОВАНИЯ АКМОЛИНСКОЙ ОБЛАСТИ»

     

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Қосымша білім беруге мемлекеттік білім беру тапсырысы бойынша конкурс

19.12.2025

«Ақмола облысы білім басқармасының Атбасар ауданы бойынша білім бөлімі» ММ қосымша білім беруге мемлекеттік білім беру тапсырысын орналастыруға конкурс жариялайды.

«Еңбек нарығының қажеттіліктерін ескере отырып, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білімі бар кадрларды даярлауға,  сондай-ақ мектепке дейінгі тәрбиелеу мен оқытуға, орта білім беруге және балаларға қосымша білім беруге мемлекеттік білім беру тапсырысын орналастыру қағидаларын бекіту туралы» ҚР ОАМ 27.08.2022 жылғы № 381 бұйрығына сәйкес «Ақмола облысы білім басқармасының Атбасар ауданы бойынша білім бөлімі» ММ қосымша білім беруге  мемлекеттік білім беру тапсырысын орналастыруға конкурс жариялайды.

 Балаларға қосымша білім беруге мемлекеттік білім беру тапсырысы қосымша білім берудің мынадай білім беру бағдарламалары бойынша жүзеге асырылады:

1. Ғылыми-техникалық бағыт (бастапқы техникалық модельдеу; авиамодельдеу; автомодельдеу; судомодельдеу; ракетомодельдеу; робототехника; космонавтика; 3Д-модельдеу; компьютерлік графика; машина жасау; ғарыштық радиобайланыс; радиотехника; мотоцикл спорты; картинг; модельдеу; ату спорты; инженерлік жобалау негіздері; робототехникалық және мехатрондық жүйелердің инженерлік жобалау негіздері; өнертапқыштық және рационализаторлық; радиоспорт; радиоэлектроника; құрастыру; бағдарламалау; компьютерлік дизайн; кинобейне жасау; желкенді іс; электротехника; химиялық-техникалық бағдарламалау; лего-құрастыру; спорттық радиомоделизм; авто ісі негіздері; сәулеттік модельдеу; сәулет құрылыстарының технологиясы; телестудия; техникалық бағдарламалау; әскери техниканы модельдеу; стендтік моделизм; шағын көлемді су көлігін модельдеу; аэроғарыштық білім беру және модельдеу; ғарыштық ғылым; рендеринг – физикалық модель проекциясын құру; ұшу-парашюттік дайындық; квадроциклдер; қарда жүргіштер; ағаш ұстасы; автослесарь; багги; физика және робототехника; робототехника: құрастыру және бағдарламалау; ұлттық қолөнер; жас құтқарушы; STEAM-зертхана (СТЭМ-зертхана); ерекше қажеттілігі бар балаларға арналған құрастыру; киберспорт ұшқышсыз ұшу аппараттары)- барлығы 144 орын, бір білім алушыға жұмсалатын шығыстардың орташа құны 12 235 тг. (ерекше білім беру қажеттіліктерімен - 12 810 тг.);

2. Туризм және өлкетану бағыты (тау туризмі; су туризмі; жорық; жартасқа өрмелеу; бағдарлау; үңгір туризмі; велоспорт туризмі; шаңғы туризмі; сауықтыру туризмі; экологиялық туризм; өлкетану; туристік лагерьлер; этнографиялық, ауылдық туризм; ғылыми туризм; тур гидтер, географиялық өлкетану, тарихи өлкетану, экологиялық өлкетану, мұражайтану, ат туризмі, жас тау құтқарушы, жол іздеуші-құтқарушы, археология) - барлығы 19 орын, бір оқушыға жұмсалатын шығынның орташа құны 12 235 тг, (ерекше білім беру қажеттіліктерімен - 12 810 тг.);

     3. Экологиялық-биологиялық бағыт (экология; орнитология; балық аулау; гүл өсіру; флористика; зоология (флора, түр құрамы, рациондар); жануарларды зерттеу; энтомология; өсімдік шаруашылығы; бау-бақша шаруашылығы; мал шаруашылығы; аквапоника; көкөніс шаруашылығы; қоян шаруашылығы; иппотерапия; ветеринария медицина; геология; ландшафттану; қоршаған ортаны зерттеуші; өндірістік экология; STEM зертханасы (зерттеу биологиясы, химия); гидропоника; экожурналистика; фитопатология- барлығы 14 орын, бір оқушыға жұмсалатын шығынның орташа құны 12 235 тг. (ерекше білім беру қажеттіліктерімен - 12 810 тг.);

      4. Көркемдік-эстетикалық бағыт (керамика, қыш бұйымдары ісі; модельдеу, мүсін, керамикалық мүсін; кесте тігу; тоқыма тоқу; тігу, макраме; оригами, қағаздан жасалған қолөнер (гүлдер, құстар, жануарлар); кілем тоқу; зергерлік өнер; ағаштан көркем кескіндеме; металға көркемдік кескіндеме; керамикаға көркем кескіндеме; былғарыны көркем өңдеу; металды көркемдік өңдеу; пирография, ағаш күйдіру, былғары, мата; киімді көркемдік үлгілеу; томбурлы кестелеу; ағашты көркемдік өңдеу; арт-терапия; сән дизайны қыш өнері, модельдеу) - барлығы 91 орын, бір оқушыға жұмсалатын шығынның орташа құны 12 235 тг. (ерекше білім беру қажеттіліктерімен - 12 810 тг.);

      5. Әлеуметтік-педагогикалық бағыт (журналистика, медиа орталықтар; пікірсайыс қозғалысы; еріктілер қозғалысы; кәсіпкерлік негіздері; шешендік өнер; интеллектуалды ойындар клубы)-  барлығы 48 орын, бір оқушыға жұмсалатын шығынның орташа құны 12 235 тг. (ерекше білім беру қажеттіліктерімен - 12 810 тг.);

      6. гуманитарлық бағыт (тіл курстары)- барлығы 77 орын, бір білім алушыға жұмсалатын шығыстардың орташа құны 12 235 тг. (ерекше білім беру қажеттіліктерімен - 12 810 тг.);

      - жаратылыстану-математикалық бағыт (математикалық курстар)- барлығы 77 орын, бір білім алушыға жұмсалатын шығыстардың орташа құны 12 235 тг. (ерекше білім беру қажеттіліктерімен - 12 810 тг.).

Қосымша білім алуға мемлекеттік білім беру тапсырысын алуға конкурстық рәсімге қатысу үшін 2025 жылғы 19-26 желтоқсан аралығында (қоса алғанда)мынадай құжаттарды ұсыну қажет:

- осы Қағидаларға 5-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтініш;

- заңды тұлға құрмай, қосымша білім беретін білім беру бағдарламаларын іске асыратын дара кәсіпкерлерді қоспағанда, Ұйым жарғысының (ережесінің, құрылтай шартының) көшірмесі;

- Ұйым пайдаланатын жылжымайтын мүлікке құқық белгілейтін құжаттардың көшірмесі немесе ғимаратты жалдау шартының көшірмесі;

- балаларға арналған қосымша білім берудің білім беру бағдарламаларының көшірмелері;

-  педагогтік немесе тиісті бейіні бойынша өзге де кәсіптік білімі бар және білім алушыларды және (немесе) тәрбиеленушілерді оқыту және тәрбиелеу, білім беру қызметін әдістемелік қолдау немесе ұйымдастыру бойынша педагогтің кәсіптік қызметін жүзеге асыратын, белгіленген үлгідегі білім туралы педагогтер құжаттарының көшірмелері,  еңбек кітапшасының көшірмесі және жұмыс орнынан анықтама;

- педагогтердің біліктілік деңгейі туралы құжаттардың көшірмелері бар штат кестесінің көшірмесі;

 - Ұйымның жұмыс өтілін растайтын құжаттардың көшірмелері (болған жағдайда) (жарғыға сәйкес, құрылтай құжаттарымен, шарттармен) немесе Ұйымның жұмыс тәжірибесінің жоқтығы туралы хат;

 -  Ұйым басшысының қолымен және мөрімен куәландырылған бейнебақылау камераларын орналастыру схемасы;

 - Ұйым басшысының қолымен және мөрімен куәландырылған және өрт қауіпсіздігі саласындағы уәкілетті органмен келісілген Өрт кезіндегі эвакуациялау жоспарының схемасы.

Аталған құжаттар нөмірленеді, тігіледі, қол қойылады, мөрмен (бар болса) және басшының қолымен расталады.

Ұйымдардың тізбесін қалыптастыру жөніндегі конкурстық рәсімге қатысуға мемлекеттік тапсырысты орналастыру қағидаларының 13-тармағының 3-тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2022 жылғы 30 наурыздағы № 117 бұйрығына сәйкес талаптарды қамтамасыз еткен ұйымдарға рұқсат етіледі, атап айтқанда ЖБО-ға міндетті түрде қосылған цифрлық бейнебақылау камераларын орнатуға, объектіні дабыл батырмасымен, турникетпен және физикалық қорғау. Осылайша, оқу процесiнiң жағдайларын және педагогтар мен оқушылардың еңбек жағдайларын оңтайландыру мақсатында жоғарыда аталған Нұсқаулықтың қауiпсiздiктi ұйымдастыру үшiн қажеттi барлық тармақтарын iске асыруға мүмкiндiк беретiн жеке үй-жайды (үйдi) жалға алу немесе сатып алу мүмкiндiгiн қарастыру қажет болды.

Сондай-ақ Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2021 жылғы 5 тамыздағы № ҚР ДСМ-76 бұйрығымен бекітілген "Білім беру объектілеріне қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар" санитариялық қағидаларының қатаң сақталуын қамтамасыз ету.

Құжаттарды қабылдау Ақмола облысы, Атбасар қаласы, Майкөтов көшесі, 50  мекенжайы бойынша жүзеге асырылады, ooatbasar@yandex.kz, байланыс телефоны: 2-55-72

Просмотров: 31


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст