Текст
17.12.2025
2025 жылғы 17 желтоқсанда 9–11 сынып оқушылары арасында жаратылыстану-математикалық бағыттағы жалпы білім беретін пәндер бойынша Республикалық олимпиаданың аудандық кезеңі өтті.
Олимпиада дарынды білім алушыларды анықтау және қолдау, олардың зияткерлік әлеуетін дамыту, сондай-ақ жалпы білім беретін пәндерді оқуға деген қызығушылықты арттыру мақсатында өткізіледі.
Олимпиадаға мектепішілік кезеңнен өткен және білім беру ұйымдары ұсынған оқушылар қатысады.
Барлық қатысушыларға өз күшіне сенімділік, тапсырмаларды сәтті орындау және жоғары нәтижелер тілейміз! ✨