«АКМОЛА ОБЛЫСЫ БІЛІМ БАСКАРМАСЫНЫҢ АТБАСАР АУДАНЫ БОЙЫНША БІЛІМ БӨЛІМІ»  МЕМЛЕКЕТТІК МЕКЕМЕСІ
ГОСУДАРСТВЕННОЕ УЧРЕЖДЕНИЕ «ОТДЕЛ ОБРАЗОВАНИЯ ПО АТБАСАРСКОМУ РАЙОНУ УПРАВЛЕНИЯ ОБРАЗОВАНИЯ АКМОЛИНСКОЙ ОБЛАСТИ»

     

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

БКС-кеңес: ауыл мектептерінің директорларымен

03.12.2025

2025 жылғы 3 желтоқсан күні Білім бөлімінің басшысы Наймушина Н.Г. ауыл мектептерінің директорларымен бейне-конференция (ВКС) кеңесін өткізді. Кеңес барысында келесі мәселелер қаралды: бюджеттік міндеттемелерді орындау, «Енбек» жүйесіне деректерді дұрыс енгізу, оқушылардың білім сапасын арттыру, сондай-ақ бекітілген аумақтарда сенбілік жұмыстарын ұйымдастыру. Жаңа жыл мерекесіне дайындық аясында мектеп ғимараттарын және олардың маңайын сәндеуге ерекше көңіл бөлінеді, алайда өрт қауіпсіздігі талаптары қатаң сақталуы тиіс. Наталья Георгиевна сондай-ақ информатика және физика пәндері мұғалімдері үшін STEM-білім беру бағдарламасы бойынша оқыту және мұғалімдер арасындағы аудандық математикалық олимпиадаға дайындық туралы хабарлады. Бұл шаралар педагогтардың кәсіби деңгейін көтеруге және білім беру процесінің сапасын жақсартуға бағытталған.

Просмотров: 43


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст