«АКМОЛА ОБЛЫСЫ БІЛІМ БАСКАРМАСЫНЫҢ АТБАСАР АУДАНЫ БОЙЫНША БІЛІМ БӨЛІМІ»  МЕМЛЕКЕТТІК МЕКЕМЕСІ
ГОСУДАРСТВЕННОЕ УЧРЕЖДЕНИЕ «ОТДЕЛ ОБРАЗОВАНИЯ ПО АТБАСАРСКОМУ РАЙОНУ УПРАВЛЕНИЯ ОБРАЗОВАНИЯ АКМОЛИНСКОЙ ОБЛАСТИ»

     

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Бастау ауылындағы №2 мектепте жаратылыстану-математика кабинеті ашылды

18.11.2025

«Қазақстан халқына» қорының білім беру бағдарламалары аясында Бастау ауылының Атбасар ауданына қарасты №2 жалпы білім беретін мектебі оқушылар мен педагогтарға жаңа мүмкіндіктер ашатын заманауи жабдықтармен қамтамасыз етілді. Біздің шағын жинақты мектеп үшін бұл — үлкен алға басу және даму үшін кең ауқымды мүмкіндіктерге жол ашты. 
Жоба аясында мектепте жаратылыстану-математика пәндерін оқытуға қажетті барлық ресурстармен толық жабдықталған көпфункционалды кабинет ашылды. Кабинет заманауи зертханалармен, оның ішінде физика мен информатика бойынша практикалық және ғылыми-зерттеу жұмыстарын жүргізуге арналған құрал-жабдықтармен толықтырылған. 
Әсіресе робототехникаға арналған жабдықты ерекше атап өткіміз келеді. Оның пайда болуы аптасына екі рет өтетін үйірменің ашылуына мүмкіндік берді. Оқушылар робототехниканы қызығушылықпен меңгеріп, бағдарламалаудың негіздерін үйреніп, жобалық жұмыстармен белсенді түрде айналысуда. Жоба ұйымдастырушыларына көрсеткен қолдаулары үшін шынайы алғысымызды білдіреміз. Осындай мүмкіндіктің арқасында біздің балалар сапалы, тәжірибеге бағытталған білім алып, оқу және сыныптан тыс іс-шараларға үлкен қуанышпен қатысуда.

Просмотров: 22


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст