«АКМОЛА ОБЛЫСЫ БІЛІМ БАСКАРМАСЫНЫҢ АТБАСАР АУДАНЫ БОЙЫНША БІЛІМ БӨЛІМІ»  МЕМЛЕКЕТТІК МЕКЕМЕСІ
ГОСУДАРСТВЕННОЕ УЧРЕЖДЕНИЕ «ОТДЕЛ ОБРАЗОВАНИЯ ПО АТБАСАРСКОМУ РАЙОНУ УПРАВЛЕНИЯ ОБРАЗОВАНИЯ АКМОЛИНСКОЙ ОБЛАСТИ»

     

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Атбасар қаласының №2 мектебінде экстремизмнің алдын алу бойынша курстар өтті

10.11.2025

"Өркен "Балалардың әл-ауқатының ұлттық ғылыми-практикалық институты" КЕАҚ желісі бойынша Атбасар қаласының №2 жалпы білім беретін мектебінің базасында "Орта білім беру ұйымдарында экстремизм мен терроризмнің алдын алу" тақырыбы бойынша курстар ұйымдастырылды.                                                                                                                                                                                                                   Аталған курстардың мақсатты аудиториясы-жалпы орта білім беретін  ұйымдары басшысының орынбасарлары, педагог-психологтар, әлеуметтік педагогтар, Атбасар ауданының сынып жетекшілері. Курс жаттықтырушысы-Әлиева Сәуле Сағитқызы мазмұнды материал дайындап, профилактикалық іс-шараларды қолжетімді түрде ұсынды.   
Мұғалімдерге арналған экстремизм және терроризм курстары олардың экстремистік және террористік әрекеттердің ерте белгілерін тану, алдын алу және оқушыларды осындай процестерге тартудың алдын алу шаралары саласындағы біліктілігін арттыруға арналған. Мұндай бағдарламаларға көбінесе психологиялық бағалау, толеранттылыққа тәрбиелеу, жанжалдармен жұмыс жасау, терроризм мен экстремизмге қарсы күрестің құқықтық негіздері кіреді. 
Атбасар ауданы бойынша білім бөлімі "Өркен" КЕАҚ басшылығы мен жаттықтырушысына көшпелі курстарды ұйымдастырғаны үшін алғыс білдіреді. Курстардың бұл форматы мұғалімдерге ауданнан шықпай-ақ өз біліктіліктерін арттыруға мүмкіндік береді.

Просмотров: 191


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст