Колледждегі мамандықтармен танысу
16.10.2025
2025 жылдың 16 қазан күні кәсіби бағдар беру мақсатында мектебіміздің 9
сынып оқушыларымен Атбасар қаласындағы Аграрлық –Индустриалдық колледжіне саяхат жасады. Мақсаты: жұмысшы мамандықтарына аса мән беру мақсатында «Дублер күні» жалпы республикалық жоба аясында оқушыларға мамандық таңдау, олардың әдістері туралы білімдерін, түсініктерін кеңейте отырып, мамандықтарға деген ынта-ықыласын, қызығушылығын арттыру.
Колледж мұғалімдері «Shadow Day» - дублер күні сияқты оқушылар мен студенттерге арналған бір жұмыс күнінің жұмыс берушілер базасында ұйымдастырылды, олар білімалушыларды түрлі мамандықтарға арналған кабинеттерге кіргізіп, сол кабинеттін құрал –жабдықтарының жұмысын көрсетіп, түсіндіру жұмыстарын жүргізді.
Просмотров: 198