«АКМОЛА ОБЛЫСЫ БІЛІМ БАСКАРМАСЫНЫҢ АТБАСАР АУДАНЫ БОЙЫНША БІЛІМ БӨЛІМІ»  МЕМЛЕКЕТТІК МЕКЕМЕСІ
ГОСУДАРСТВЕННОЕ УЧРЕЖДЕНИЕ «ОТДЕЛ ОБРАЗОВАНИЯ ПО АТБАСАРСКОМУ РАЙОНУ УПРАВЛЕНИЯ ОБРАЗОВАНИЯ АКМОЛИНСКОЙ ОБЛАСТИ»

     

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Атбасар ауданының білім беру мекемелерінің басшыларымен БКБ-кеңес

06.11.2025
2025 жылғы 6 қарашада білім бөлімінің басшысы Н.Г. Наймушина Атбасар ауданының білім беру мекемелерінің басшыларымен БКБ-кеңес өткізді.
Наталья Георгиевна ҚР Білім және ғылым министрі Жұлдыз Сүлейменовамен Астана қ. 5 қарашада болған кездесуде қаралған мәселелермен таныстырды. Педагогикалық этика, білім алушылардың білім жетістіктеріне мониторинг жүргізу, инклюзивті және арнайы білім беру, білім сапасы, мектепке дейінгі және орта білім берудің негізгі проблемалары, «Ұстаз», Egov kz бағдарламасы бойынша жұмыс, білім беру мекемелері директорларының бос орындары, балалардың қауіпсіздігі, буллинг, күзетшілердің жұмысы, білім беру саласындағы сыбайлас жемқорлық, санитарлық-эпидемиологиялық бақылау, білім беру ұйымдарының мәселелері қаралды.
Кәсіподақтың Атбасар филиалының төрайымы Р.Едірісова ауданның ауылдық елді мекендерінде кәсіби қызметті жүзеге асыратын педагог қызметкерлерге әлеуметтік қолдау көрсету туралы ақпарат берді. Ол коммуналдық қызметтерді төлеу және бюджет қаражаты есебінен отын сатып алу бойынша көмек көрсету мәселелерін, сондай-ақ Атбасар ауданының ауылдарына жұмыс істеу және тұру үшін келген мамандарды әлеуметтік қолдау шараларын, оның ішінде көтерме жәрдемақы және 2025 жылға тұрғын үй сатып алу немесе салу кезінде қолдау көрсету мәселелерін атап өтті.
Әдістемелік кабинеттің меңгерушісі Қ.Нұрмағамбетова кәсіби педагогикалық білім беру (КПБ) бағдарламаларын іске асыру, авторлық бағдарламалар, PISA халықаралық зерттеуіне қатысу, сондай-ақ аудан педагогтары үшін вебинарлар ұйымдастыру және өткізу мәселелері бойынша сөз сөйледі.
2025 жылдың 10-21 қарашасында өтетін қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімдерінің алдағы онжылдығы және «Үздік қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі» аудандық байқауының өткізілуі туралы әдіскер А.Әбікенова хабарлады.
Іс жүргізуші Т. Хрусталева HR Enbek kz платформасының штаттық кестесіне еңбек шарттарын енгізу және тағайындау туралы ақпарат берді. Наталья Георгиевна басшыларға арналған чаттарда орналастырылған дауыстық нұсқаулықтарға сәйкес мәліметтерді толықтыруға назар аударды.
Сондай-ақ, тегін тамақтану үшін ҰБДБ базасында 1-4 сынып және 5-11 сынып тізімдеріне мектеп директорларының қол қою туралы, құрылған және белсендірілген ваучерлер туралы транзакциялар жүргізу бойынша нұсқаулар берілді. Мектеп директорларына демалыс күндері Alagan жұмысын бақылауда ұстауға, ешқандай жағдайда тамақ тіркеуден өтпеуіне нұсқау берілді.
БКБ соңында білім бөлімінің басшысы тапсырмалар беріп, орындау мерзімдерін белгіледі.
 
Просмотров: 24


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст