«АКМОЛА ОБЛЫСЫ БІЛІМ БАСКАРМАСЫНЫҢ АТБАСАР АУДАНЫ БОЙЫНША БІЛІМ БӨЛІМІ»  МЕМЛЕКЕТТІК МЕКЕМЕСІ
ГОСУДАРСТВЕННОЕ УЧРЕЖДЕНИЕ «ОТДЕЛ ОБРАЗОВАНИЯ ПО АТБАСАРСКОМУ РАЙОНУ УПРАВЛЕНИЯ ОБРАЗОВАНИЯ АКМОЛИНСКОЙ ОБЛАСТИ»

     

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Мектепке дейінгі білім беру ұйымдарының педагогтеріне арналған аудандық практикалық семинар

30.10.2025
2025 жылғы 29 қазанда құзыреттілік орталығының жұмыс жоспары аясында Атбасар қаласының "Еркежан" бөбекжай-бақшасында "Мектепке дейінгі ұйымдардағы жобалық қызмет"тақырыбында мектепке дейінгі білім беру ұйымдарының педагогтеріне арналған аудандық практикалық семинар өтті.  Қазіргі білім беру процесінде жобалық қызмет тәрбиеленушілердің танымдық дағдыларын, шығармашылық әлеуеті мен дербестігін дамытуға бағытталған негізгі технологиялардың бірі ретінде танылды. Семинар-практикум қатысушылар теориялық білім алып қана қоймай, оларды іс жүзінде қолдана алатындай етіп салынды.
Жұмыс тәжірибесімен "Еркежан" бөбекжай-бақшасының педагогтары бөлісті: "Ғажайып роботтар әлемі" инновациялық ұзақ мерзімді жобасы (Серікпаева А. Д., Орымбаева Я.Т.); "Патриоттық тәрбие-елдің болашағы" авторлық жобасы (Қашкимбаева Б.Б., Аканова С. Ш.); "Микроскоп астындағы таңғажайып әлем" танымдық-зерттеу жобасы (Әйтенова А. Н., Джакупова М. Д.); "Жылыжай ғажайыптары" іздеу – зерттеу жобасы (Сәрсембаева А. К., Лубянская А. Р.); "Қазақ тіліне қызығушылықты арттырудың практикалық жолдары" жобасы (Алип М.)
Семинар қорытындысы бойынша қатысушылар алынған ақпараттың жоғары практикалық маңыздылығын атап өтті. Іс-шара педагогтердің әдістемелік деңгейін арттыруға ықпал етті және оларды шығармашылық ізденіске және инновациялық технологияларды енгізуге ынталандырды.
 
Просмотров: 35


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст