«АКМОЛА ОБЛЫСЫ БІЛІМ БАСКАРМАСЫНЫҢ АТБАСАР АУДАНЫ БОЙЫНША БІЛІМ БӨЛІМІ»  МЕМЛЕКЕТТІК МЕКЕМЕСІ
ГОСУДАРСТВЕННОЕ УЧРЕЖДЕНИЕ «ОТДЕЛ ОБРАЗОВАНИЯ ПО АТБАСАРСКОМУ РАЙОНУ УПРАВЛЕНИЯ ОБРАЗОВАНИЯ АКМОЛИНСКОЙ ОБЛАСТИ»

     

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Аудандық білім бөлімі Кеңесінің отырысы

21.10.2025
2025 жылғы 20 қазанда № 8 жалпы білім беретін мектеп базасында аудандық білім бөлімі Кеңесінің отырысы ауданның білім беру мекемелерінің басшыларының, білім бөлімінің мамандары мен әдіскерлерінің қатысуымеен өтті.
Бірінші мәселе бойынша Н.Г.Наймушина «2025-2026 оқу жылына арналған жұмыс жоспарын бекіту туралы» сөз сөйледі. Сондай-ақ, «Мектепке жол» акциясын өткізу туралы» (Едрісова Р.Б.), «Білім беру мекемелерін кадрлармен жасақтау туралы. Педагогтарды аттестаттау қорытындылары туралы». (Хрусталева Т.А.), «Кітапхана қорының жай-күйі: оқулықтардың болуы және жай-күйі, оқушыларға оқулықтар беру» (Мұстафина Г.С.), «Мектеп оқушыларын, мектепке дейінгі ұйымдардың тәрбиеленушілерін ыстық тамақпен қамтамасыз ету туралы» (И.В. Семенча), «Инклюзивті білім берудің замауи парадигмасы және 2025-2030 жылдарға арналған инклюзивті білім беруді жүзеге асыру» (О.С. Мотузкова), «2024-2025 оқу жылының 9,11 сынып түлектерін жұмысқа орналастыру қорытындылары туралы». (Мотузкова О.С.), «Педагогикалық этиканы сақтау мәселелері туралы» (Едрисова Р.Б.). мәселелер қаралды.
Наталья Георгиевна мектеп директорларының санатына, шағын орталықтарда тамақтану үшін уақытылы ақы төлеуге, колледж базасында қала мектептерінің 9-сыныптарының 30 оқушысы үшін екі мамандық бойынша 2 кәсіптік сынып ашуға, әр мектепте зорлық-зомбылықтың (буллинг) «ДосболLIKE» алдын алу бағдарламасын енгізу туралы бұйрықтың болуына, оқушының дене шынықтыру сабақтарына, тіпті оның босату анықтамасы болса да міндетті түрде қатысуы туралы, білім беру мекемесінің «Іргелес аумақты және ғимараттың қасбетін ең жақсы көріктендіру» облыстық конкурсына қатысуы туралы, пәндер бөлінісінде мектеп мұғалімдерінің KPI туралы, екінші ауысымда оқитын балалардың қауіпсіздігі, ауданға келген 26 жас мұғалімге тәлімгерлерді бекіту, дипломның түпнұсқасын растайтын анықтаманың болуы, медициналық кабинеттерді ыстық сумен қамтамасыз ету, мектеп директорлары мен қосалқы шаруашылықтарының өрт қауіпсіздігі техникасы бойынша мәселелерге тоқталды.
Іс-шара № 2 ЖОББМ директоры Ш.Бекмағанбетова мен Адыр ауылының ЖОББМ директоры Г.Жақпарованы алғыс хаттармен марапаттаумен аяқталды.
 
Просмотров: 39


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст