«АКМОЛА ОБЛЫСЫ БІЛІМ БАСКАРМАСЫНЫҢ АТБАСАР АУДАНЫ БОЙЫНША БІЛІМ БӨЛІМІ»  МЕМЛЕКЕТТІК МЕКЕМЕСІ
ГОСУДАРСТВЕННОЕ УЧРЕЖДЕНИЕ «ОТДЕЛ ОБРАЗОВАНИЯ ПО АТБАСАРСКОМУ РАЙОНУ УПРАВЛЕНИЯ ОБРАЗОВАНИЯ АКМОЛИНСКОЙ ОБЛАСТИ»

     

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Қазіргі жағдай, қолжетімді білім

15.08.2025

Атбасар қаласы №7 ЖББМ, Есенгелді және Тельман ауылдарының мектептеріндегі күрделі жөндеу жұмыстары аяқталуға жақын. Атбасар қаласының №7 ЖББМ екі кезеңге бөлінді: 2025 және 2026 жылдар. Жылыту, су құбыры, кәріз жүйесі ауыстырылды. Кабинеттер мен дәліздерде едендер жөнделді, асхана, жуынатын бөлмелер, спорт залы жаңғыртылды. Есенгелді мектебінде күрделі жөндеу жұмыстары өткен жылы басталып, екі жылға есептелген. Шатыр, қасбет, терезелер, жылыту жүйесі жөнделді. Биыл ішкі жұмыстар аяқталды: электр тораптары толығымен ауыстырылды, қабырғалар мен төбелерді тегістеу жұмыстары жүргізілді, едендер ауыстырылды - дәліздерде керамогранит, кабинеттерде, өрт қауіпсіздігі талаптарына сәйкес, линолеум бар. Сондай-ақ, санитарлық торап, сумен жабдықтау жүйесі мен кәріз жүйелері жаңартылып, жаңа есіктер орнатылды. Тельман мектебінде күрделі жөндеу жұмыстары аяқталуда: терезелер, жылыту, электр желілері ауыстырылды, кабинеттерде линолеум дәліздерде - керамогранит, қабырғалар, төбелер тегістелді. Мектеп ғимараты оқшауланған және сайдингпен қапталған, яғни осылайша, қауіпсіз және жайлы оқу үшін барлық жұмыстар жүргізілді.

Просмотров: 30


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст