«АКМОЛА ОБЛЫСЫ БІЛІМ БАСКАРМАСЫНЫҢ АТБАСАР АУДАНЫ БОЙЫНША БІЛІМ БӨЛІМІ»  МЕМЛЕКЕТТІК МЕКЕМЕСІ
ГОСУДАРСТВЕННОЕ УЧРЕЖДЕНИЕ «ОТДЕЛ ОБРАЗОВАНИЯ ПО АТБАСАРСКОМУ РАЙОНУ УПРАВЛЕНИЯ ОБРАЗОВАНИЯ АКМОЛИНСКОЙ ОБЛАСТИ»

     

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Астана қаласында «Шекарасыз инклюзия» атты Бірінші Халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция өтті.

26.09.2025

19–20 қыркүйек күндері Астана қаласында «Шекарасыз инклюзия» атты Бірінші Халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция өтті.
Бірінші күні Қазақстандағы инклюзивті білім беруді дамытудың стратегиялық бағыттары және басқа елдердің тәжірибесі ұсынылды. Әсіресе мультидисциплинарлық тәсілдер, әлеуметтік реабилитация және халықаралық инклюзия тәжірибелері туралы баяндамалар ерекше қызығушылық тудырды.
Екінші күні жұмыс секциялар мен шеберлік сыныптары форматында жалғасты. Мұнда педагогтар, психологтар, дәрігерлер және әлеуметтік қызметкерлер ерекше білім беруді қажет ететін балаларды қолдау үшін күш біріктіретіні көрсетілді. Сондай-ақ РАС бар балалармен жұмыс, ерте көмек, логопедиялық және нейропсихологиялық түзету бойынша тәжірибелер ұсынылды.
Конференция инклюзияның — бұл командалық жұмыс екенін айқын көрсетті. Мұнда мамандардың ынтымақтастығы, ата-аналармен өзара әрекеттесу және заманауи технологияларды енгізу басты мәнге ие екені атап өтілді. Талғамбаева Жанаргүл Еркінқызы - «Алтын бесік» тірек балабақшасының меңгерушісі

                                                                                                                                                     

Просмотров: 514


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст