19.09.2025
Мен, Берден Кайрат Кундакбайулы, 2025 жылғы 08—19 қыркүйегі аралығында Көкшетау қаласында "Өрлеу" біліктілікті арттыру ұлттық орталығы" акционерлік қоғамының ұйымдастыруымен "Білім берудегі менеджмент" тақырыбында өткен мектеп басшылары мен директордың оқу-тәрбие ісі жөніндегі орынбасарларының курсынан өттім.
Курстың мақсаты: тыңдаушылардың басқару қызметін тиімді ұйымдастыруда және білім беру саласының алдында тұрған міндеттерді белсенді шешудегі кәсіби білімі мен дағдыларын қалыптастыру.
Курс "Өрлеу" біліктілікті арттыру институтының ғимаратында өтті. Мектеп басшылары мен директордың оқу-тәрбие ісі жөніндегі орынбасарларының білім берудегі менеджмент туралы өз білімдерімен, тәжірибелерімен теория және практика жүзінде өзара ойларымен, пікірлерімен бөлісіп, жеке-дара, жұппен, топпен жұмыс түрлерін көрсетіп, таныстырды. Курс барысында "Орта білім беру ұйымдары басшылары қызметін реттейтін нормативтік құжаттар"," Стратегиялық менеджмент — табысты басқару жүйесінің негізі", "Гибридті басқару жүйесі"," Педагогикалық әдеп және корпоративтік мәдениет", "Сапа мәдениетін қалыптастыру ерекшеліктері", " Инклюзивті оқыту негізінде теңдік қатынасты қамтамасыз ету", "Жайлы мектеп" жобасы тақырыптарында курс тыңдаушылары өз ойларымен бөлісіп, көпшіліктің алдына шығып, өз білгендерін айтып, қорғап шықты. Сонымен қатар, кураторымыздың келісуімен, Көкшетау қаласындағы "Келешек мектептері" жобасы негізінде салынған, пайдалануға осы қаңтарында берілген Техникалық мектеп-лицейінде, ✓13 ЭКОС экологиялық мектеп-лицейінде болып, мектептердің бүгінгі тыныс-тіршілігімен және болашақ жобаларымен танысып, экологиялық бақты, жылыжайды аралап, тамашаладық. Және де осы мектептердің оқу, тәрбие жұмыстарымен арнайы мамандар таныстырды. Курс мен үшін өте мағыналы, маңызды, өзекті, мазмұны терең болды. Курстан үйренгенім, алған әсерім өте мол болды. Ұйымдастырушыларға айтар Алғысым зор әрі шексіз!