Текст
«Мемлекеттік тілді дамыту және жетілдіру» жобасы аясында ұйымдастырылған «Үздік білім беру нысаны» номинациясына қазақ тілі мұғалімі Алип Меруерт қатысып, өзінің шығармашыл еңбегі мен кәсіби біліктілігі үшін Ақмола облысының әкімі М. Ахмеджановтың Алғыс хатына ие болды. Бұл марапат – ұстаз еңбегінің жоғары бағалануы ғана емес, мемлекеттік тілге деген айрықша құрмет пен жанашырлықтың жарқын көрінісі. Мұндай жетістік жас ұрпақ бойына ұлттық құндылықтарды дарытып, тіліміздің мәртебесін арттыру жолындағы еңбектің жемісі болып табылады. Алипқызы Меруерт сізді шын жүректен құттықтаймыз!