29.08.2025
AMANAT партиясының «Кедергісіз келешек - Будущее без барьеров» жобасының бағыты аясында Атбасар ауданында Ақмола облысы білім басқармасының жоспар-кестесі негізінде ерекше білім беру қажеттіліктері бар балаларды қолдау кабинеттерінің желісін кеңейту бойынша белсенді жұмыс жүргізілуде. Конституция күні және жаңа оқу жылы қарсаңында 2025 жылғы 28 тамызда Атбасар қаласында Ақмола облысында инклюзивті білім беруді дамыту жөніндегі үйлестіру кеңесінің төрағасы Марат Өмірбайұлы Ыбыраевтың және «Ақмола облысы білім басқармасының Атбасар қаласының «№8 психологиялық-педагогикалық түзету кабинеті» КММ меңгерушісі Светлана Георгиевна Наймушинаның қатысуымен осындай екі кабинеттің ашылуы өтті. Іс-шара аясында Марат Өмірбайұлы Ыбыраев құттықтау сөз сөйлеп, инклюзивті білім беруді қолдау кабинеттерінің ашылуы - әрбір баланың дамуы мен өсуі үшін кедергісіз болашаққа бағытталған маңызды қадам екенін атап өтті. Мұнда әрбір оқушы өзінің маңыздылығын сезініп, табысқа жету жолында қажетті қолдауға ие болады. Салтанатты ашылу рәсімінен кейін № 3 (Қасенова З.Е.) және № 7 (Әлкенова Н.А.) мектеп директорлары ерекше білім беру қажеттіліктері бар балаларды қолдау кабинеттерін ашты. Мектепте ерекше білім беру қажеттіліктері бар балаларды қолдау кабинетінің ашылуы ерекше білім беру қажеттіліктері бар балаларды әлеуметтік ортаға, құрдастары мен мектеп өміріне әлеуметтендіруге және бейімдеуге мүмкіндік береді. Инклюзивті білім беруді қолдау кабинетінің бірегейлігі - әрбір баламен жұмыс оның жеке қабілеттері мен мүмкіндіктері деңгейінде құрылады. Жаңа кабинеттердің ашылуының арқасында Атбасар қаласының жүздеген балалары жалпы білім беру процесіне кірігіп, құрдастарымен білім алу мүмкіндігіне ие болады. Кабинеттер ерекше қажеттіліктері бар балаларды оқытуға жеке көзқарасты қамтамасыз етеді. Әрбір бала оқытудың барлық кезеңдерінде оларды сүйемелдейтін педагог-психологтардың, логопедтердің, дефектологтардың, педагог-ассистенттердің және әлеуметтік педагогтардың көмегіне ие болады. Мұндай жағдайлар тек білім беру процесінде ғана емес, әлеуметтенуде де көмектеседі, бұл ерекше баланың дамуы үшін өте маңызды. Біздің мақсатымыз - ерекше білім беру қажеттіліктері бар балаларға мектеп ортасына ойдағыдай бейімделуге және қоғамда толыққанды өмір сүруге қажетті дағдыларды дамытуға көмектесу. Тұрақты әдістемелік қолдау мен заманауи оқыту әдістерінің арқасында Атбасар қаласының мектептерінде балалар мен олардың құрдастары үшін де, мұғалімдер мен ата-аналар үшін де қолайлы жағдайлар жасалған, бұл жалпы білім беретін мектептердегі инклюзивті ортаны дамытуға қосқан лайықты үлесі болып табылады. Кабинеттер 1-қабатта белгіленген, адым қашықтықта санитариялық бөлмелер орналасқан. Кабинеттер төрт аймақтан тұрады: мұғалім аймағы, топтық және жеке сабақтар аймағы, сондай-ақ сенсорлық жеңілдету аймағы. Кабинеттер ерекше қажеттіліктері бар балаларға арналған жиһазбен жабдықталған. Бұл жиһаз жоғары беріктігімен және ұзақтығымен ерекшеленеді. Кабинет заманауи компьютерлік техникамен толығымен жабдықталған: интерактивті панель, компьютерлер, ноутбук және 1 де 3 көпфункционалды құрылғы, ата-аналармен, балалармен қарым-қатынас жасауға және әңгімелесуге арналған жұмсақ бұрыш, ыңғайлы орындық-қаптар, балалар батуты, құрғақ шарлары бар кең ойын бассейні, басқару пульті бар интерактивті ауа-көпіршікті колоннасы, аспаптары бар арт-терапевтік жарықтандыру үстелі бар құммен айналысу үшін және т.б. Кабинеттердің ашылуын педагогтар мен балалар ғана емес, ата-аналар да күтті. Ашылу салтанатына ата-аналар қатысып, өз балаларының жетістіктерімен бөлісіп, Ақмола облысы білім басқармасының басшысы А.К.Балташеваға, Ақмола облысы инклюзивті білім беруді дамыту жөніндегі үйлестіру кеңесінің төрағасы Марат Өмірбайұлы Ыбыраевқа және Атбасар ауданы білім бөлімінің басшысы Наталья Георгиевна Наймушинаға алғыстарын білдірді. Бүгінгі таңда Атбасар қаласында осындай 7 кабинет бар. Бұл бағыттағы жұмыс жалғасатын болады: 2026 жылы Шуйский ауылы мен Новосельский ауылының жалпы орта білім беру мектептерінің базасында және кейінгі жылдары Атбасар ауданының басқа да ауылдық мектептерінде ерекше білім беру қажеттіліктері бар балаларды қолдау кабинеттерін ашу жоспарланып отыр. Мотузкова О.С. – инклюзивті білім беру жөніндегі әдіскер













