«АКМОЛА ОБЛЫСЫ БІЛІМ БАСКАРМАСЫНЫҢ АТБАСАР АУДАНЫ БОЙЫНША БІЛІМ БӨЛІМІ»  МЕМЛЕКЕТТІК МЕКЕМЕСІ
ГОСУДАРСТВЕННОЕ УЧРЕЖДЕНИЕ «ОТДЕЛ ОБРАЗОВАНИЯ ПО АТБАСАРСКОМУ РАЙОНУ УПРАВЛЕНИЯ ОБРАЗОВАНИЯ АКМОЛИНСКОЙ ОБЛАСТИ»

     

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

«Алғашқы әскери және технологиялық дайындық: технологиялар және әскери оқыту секциясының отырысы»

27.08.2025
2025 жылғы 27 тамызда Атбасар қаласының №3 жалпы білім беретін мектебі базасында «Технологиялық дайындық және әскери оқыту» тақырыбында аудандық секцияның отырысы офлайн форматта өтті.
Мақсатты топ – НВТП пәнінің 18 оқытушы-ұйымдастырушысы.
Бағдарлама аясында келесі мәселелер қарастырылды:
• НВТП пәнінің оқытушы-ұйымдастырушыларымен 3 күндік оқу-әдістемелік жиындарды өткізу;
Келесі тақырыптарда баяндамалар жасалды:
1. «Бастапқы әскери және технологиялық дайындық пәні бойынша оқу үдерісінде цифрлық білім беру ресурстарын пайдалану»,
2. «Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің ішкі қызмет Жарғысы».
Аталған тақырыптар бойынша баяндамаларды Ақан Құрманов ауылының жалпы білім беретін мектебінің НВТП пәнінің оқытушы-ұйымдастырушысы Мендрух Сергей Васильевич және Атбасар қаласының №2 жалпы білім беретін мектебінің НВТП пәнінің оқытушы-ұйымдастырушысы Адикулов Алмаз Исанұлы жасады.
3 күндік оқу-дала жиындарын ұйымдастыру және өткізу тәртібі жөнінде түсіндірме жұмыстарын Атбасар қаласының №1 жалпы білім беретін мектебінің НВТП пәнінің оқытушы-ұйымдастырушысы Быушев Н.В. жүргізді.
Отырыста Атбасар және Жақсы аудандарының қорғаныс істері жөніндегі бөліміне қарасты әскери дайындық, бастапқы әскери дайындық және әскери-техникалық мектептер жөніндегі инспектор Сағатпеков Алмас Нұрланұлы қатысты.
Отырыс модераторы – Атбасар ауданының білім бөлімі әдіскері Чарушин Д.Ю.
Просмотров: 246


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст