2025 жылғы 27 тамызда «№ 2 жалпы орта білім беретін мектеп» КММ базасында білім беру қызметкерлерінің тамыз конференциясы аясында «Білім беруді цифрландыру жағдайында психологиялық қолдау» тақырыбында Атбасар ауданының педагог-психологтары секциясының отырысы өтті.
Секция барысында практикалық элементтерді қолдану арқылы сұрақтар қарастырылды: «Алдағы оқу жылына ауданның психологиялық қызметінің жұмысын жоспарлау және міндеттер белгілеу», Поляковская Е.И., Атбасар ауданының педагог-психологтар қауымдастығының басшысы; «Білім беруді цифрландыру жағдайында білім беру процесіне қатысушыларды психологиялық сүйемелдеу», Досмұханова Г.К., «№ 2 жалпы орта білім беретін мектеп» КММ педагог-психологы, Жұмашова Ж.О., «№ 2 жалпы орта білім беретін мектеп» КММ педагог-психологы; «Балаларды үйлесімді дамыту, олардың психологиялық денсаулығын нығайту және ұжымға бейімделу», А.Ш. Раисова, «№ 5 «Алтын бесік» бөбекжай-балабақшасы» КММ педагог-психологы.
Секция қатысушылары маңызды мәселелерді талқылап, жұмыс тәжірибесімен бөлісіп, алдағы оқу жылының мақсаттары мен міндеттерін айқындады.