14 тамыз күні Атбасар қаласындағы № 3 орта мектеп базасында офлайн және Zoom платформасы арқылы онлайн форматта «Білім келешегі: адал азамат, кәсіби маман» республикалық тамыз педагогтар конференциясы аясында ұйымдастырылған «Қосымша білім берудің кәсіби бағдар беру миссиясы: қызығушылықтан – болашақ мамандыққа» атты іс-шара өтті.
Іс-шараға Ақмола облысының әртүрлі аудандарынан қосымша білім беру педагогтары офлайн және қашықтан қатысты:
Атбасар ауданының Балалар мен жасөспірімдер шығармашылығы орталығы
Атбасар ауданының балалар музыка мектебі
«Олимп» спорттық-сауықтыру кешені
Атбасар ауданвның «Есіл» қала сыртындағы сауықтыру кешені
Астрахан ауданының балалар мен жасөспірімдер шығармашылығы орталығы
Астрахан ауданының балалар музыка мектебі
Есіл ауданының балалар мен жасөспірімдер шығармашылығы орталығы
Есіл ауданының балалар музыка мектебі
Жақсы ауданы Қима кентінің жас натуралистер станциясы
Жақсы ауданының балалар мектебі
Жақсы ауданының балалар музыка мектебі
Жарқайың ауданының балалар мен жасөспірімдер шығармашылығы орталығы
Жарқайың ауданының балалар музыка мектебі
Сандықтау ауданының балалар музыка мектебі
Сандықтау ауданының балалар мен жасөспірімдер шығармашылығы орталығы
Жиын қорытындысы бойынша балаларға қосымша білім беру бағдарламаларын жүзеге асыратын қосымша және жалпы орта білім беру ұйымдарына берілген ұсынымдар:
Оқушылардың қызығушылықтары мен қабілеттерін ерте анықтау жұмысын күшейту.
Заманауи кәсіби бағдар беру тәжірибелерін және цифрлық технологияларды енгізу.
Балалар мен жасөспірімдер бірлестіктерін және мектеп өзін-өзі басқаруын белсенді дамыту.
Әсіресе ауыл мектептерінде квантториумдар мен шығармашылық зертханалар ұйымдастыру.
Педагогтардың біліктілігін арттыру және еңбек жағдайларын жақсарту.
Инклюзивті бағдарламаларды кеңейту, соның ішінде медициналық мекемелерде филиалдар ашу.
Қазақстандық өнер және талант мектебін халықаралық деңгейде ілгерілету.