25.06.2025
"Айгөлек" бөбекжай-балабақшасында бірқатар жөндеу жұмыстары жүргізілді. Жатын, ойын және қабылдау бөлмелері әктеліп, қабырға панельдері сырланды, қабылдау бөлмелеріне тұсқағаздар жапсырылды. Есіктерді ауыстыру және орнату жұмыстары жалғасуда. Қақпалар мен кіру есіктері жаңартылып ілмектер орнатылды. Балалар ойын алаңдарындағы жабдықтар жөнделіп, сырланды, екі алаңда қоршаулар ауыстырылды. Аула мен оған іргелес аумақта шөп шабу, тазалық жұмыстары және ағаштарды әктеу жүргізілуде. Кіреберіс аумаққа қиыршық тас төселді. Жөндеу жұмыстарының 90%-ы орындалды.