Бастау ауылындағы No1 мектептің ағымдағы жөндеу жұмыстары

25.06.2025
«Бастау ауылыysң №1 ЖОББМ» КММ-де жыл сайынғы үй-жайларға ағымдағы жөндеу жұмыстары жүргізіледі: сыныптарды ақтау, есіктер мен радиаторларды сырлау. Мектептің бірінші және екінші қабаттарында 14 кабинет күрделі жөндеуден өткен. Есіктерді косметикалық жөндеу, ақтау, сырлау жұмыстары жалғасуда. Мектеп аумағын абаттандыру бойынша келесі жұмыстар жүргізілуде: шөп шабу, арамшөптерден тазарту және гүлзарлар, көпжылдық гүлдер мен петуниялар қосымша отырғызылды. Көшедегі орындықтар, спорт алаңы сырланды, ағаштар ақталды. Ағымдағы жөндеу жұмыстары 65 пайызға орындалды.
 
 
Просмотров: 304


Пікір қосу



Деректерді қолтаңбаға қосу