25.06.2025
№8 орта мектепте ағымдағы жөндеу және абаттандыру жұмыстары жалғасуда. Екінші қабаттағы жұмыстар толық аяқталды: оқу кабинеттері мен холл ақталып, сырланды. Атап айтқанда, 9 оқу кабинеті, мұражай, психолог кабинеті, мұғалімдер бөлмесі және оқу ісінің меңгерушісі кабинеті жөнделді. Бірінші қабатта барлық кабинеттердің әктеу жұмыстары толық аяқталып, сырлау жұмыстары басталды.
Мектеп аумағын абаттандыру бойынша келесі жұмыстар атқарылуда: шөп шабу, гүлзарларды арамшөптерден тазалау және түптеу, қоқыс шығару. Сонымен қатар, ойын алаңы мен спорттық жабдықтар сырланды. Ағымдағы жөндеу жұмыстарының 85%-ы орындалды.