21.06.2025
2025 жылғы 21 маусымда Атбасар ауданы әкімдігінің үлкен залында мектеп түлектері – «Алтын белгі» иегерлерін марапаттау рәсімі өтті. Атбасар ауданының әкімі Ғ. Әлімжанов пен аудандық мәслихаттың төрағасы Н.Б. Рахимов аудан мектептерінің 11 түлегіне «Алтын белгі» төсбелгілерін табыстады. 2025 жылы «Алтын белгі» иегерлері атанған түлектер: Ветрогон Анастасия – №1 ОМ, Долгиев Макшарип – №1 ОМ, Кабильдинова Дильназ – №1 ОМ, Вежновец Вероника – №2 ОМ, Битакова Аруна – №3 ОМ, Болат Айлана – №3 ОМ,
Бостыбаева Нұрай – №3 ОМ, Ардагерқызы Айым – №7 ОМ,
Бабаева Аяулым – №7 ОМ, Байбосинов Аңсар – №7 ОМ,
Саят Жаннұр – №7 ОМ. Кенеш Ғалибекұлы салтанат иелерін мектепті сәтті аяқтауларымен құттықтап, таңдаған мамандықтарында табыс тілеп, барлық жоспарларының орындалуына, мүмкіндігінше болашақтарын Атбасар ауданымен байланыстыруларына ниет білдірді, өйткені ауданға білікті мамандар қажет екенін атап өтті. Аудан әкімі мен аудандық мәслихат төрағасы түлектердің ата-аналарына алғыс хаттар табыстады. Мұғалімдер мен ата-аналарға сөз арнап, оқушылардың жетістіктеріне қосқан еңбектері мен қолдауы үшін алғысын білдірді. Ата-аналар атынан Бакетаева Бақыт пен Кабельдинова Людмила Владимировна алғыс сөздерін айтты. Ал түлектер атынан Болат Айлана мен Бабаева Аяулым жүрекжарды ризашылықтарын білдірді. «Алтын белгі» иегерлері аудан әкімі мен аудандық мәслихаттың хатшысына өздерін қызықтырған сұрақтарын қойып, мазмұнды әрі толық жауаптар алды. Мерекелік шараны №1 және №7 мектеп оқушылары мен балалар музыка мектебінің орындауындағы музыкалық нөмірлер көркейте түсті. Кеш соңында түлектер, ата-аналар және қонақтар естелік суретке түсті.


