14.05.2025
2025 жылғы 13 мамырда Атбасар қаласының № 1 жалпы білім беретін мектебі базасында «Менің Отаныма – менің бастамам», «Туған өлкемнің байлығы», «Мектеп мұражайы», «ProEco», «Бұл жер сенікі және менікі» шығармашылық жобаларының облыстық және аудандық кезеңдерінің жүлдегерлері марапатталды. Байқауға ауданның 18 мектебінен барлығы 45 жұмыс қатысты. Аудан мектептерінің 14 оқушысы аудандық кезеңнің жеңімпазы атанды. Үздік жұмыстар облыстық кезеңге ұсынылады, оны ұйымдастырушылар «Ақмола дарыны» дарынды балалар мен талантты жастарды анықтау және қолдау орталығы мен «Ақмола облысы білім басқармасының туризм, дене шынықтыру, алғашқы әскери және технологиялық дайындық орталығы» КММ болып табылады. Жеңімпаздарды құттықтаймыз!