«АКМОЛА ОБЛЫСЫ БІЛІМ БАСКАРМАСЫНЫҢ АТБАСАР АУДАНЫ БОЙЫНША БІЛІМ БӨЛІМІ»  МЕМЛЕКЕТТІК МЕКЕМЕСІ
ГОСУДАРСТВЕННОЕ УЧРЕЖДЕНИЕ «ОТДЕЛ ОБРАЗОВАНИЯ ПО АТБАСАРСКОМУ РАЙОНУ УПРАВЛЕНИЯ ОБРАЗОВАНИЯ АКМОЛИНСКОЙ ОБЛАСТИ»

     

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Отан қорғаушылар күніне және Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 80 жылдығына арналған сап және ән байқауы

07.05.2025
2025 жылғы 6 мамырда Атбасар қаласының орталық алаңында Отан қорғаушылар күні мен Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 80 жылдығына арналған дәстүрлі жыл сайынғы саптық ән байқауы өтті. Іс-шараға Атбасар ауданының 15 жалпы білім беретін мектебінің оқушылары, сондай-ақ Атбасар қаласындағы аграрлық-индустриялық колледждің студенттері қатысты.
Мерекеге құрметті қонақтар қатысты:
- Атбасар ауданы әкімінің орынбасары Қуаныш Өмірзақұлы Қуатбеков;
- Атбасар аудандық мәслихатының төрағасы Нұржан Бектұрғанұлы Рахимов;
- Ақмола облысы бойынша Ұлттық қауіпсіздік комитеті департаментінің Атбасар аудандық бөлімінің бастығы, подполковник Рауан Зейноллаұлы Борангазинов;
- Атбасар аудандық полиция бөлімінің бастығы, подполковник Рустам Жақсымбетұлы Маташев;
- Атбасар және Жақсы аудандарының қорғаныс істері жөніндегі біріктірілген бөлімінің бастығының орынбасары, аға лейтенант Арай Қайратұлы Кокашев;
- 4-ші жеке атқыштар ротасының командирі, майор Нұрсұлтан Әскербайұлы Түлкібай;
- Атбасар аудандық полиция бөлімінің бастығының орынбасары, полиция подполковнигі Алтай Қазбекұлы Бейсембаев;
- Атбасар аудандық төтенше жағдайлар бөлімінің бас маманы, азаматтық қорғау аға лейтенанты Диас Дулатович Нұрпейісов;
- «AMANAT» партиясының Ақмола облыстық қоғамдық бірлестігінің Атбасар аудандық филиалының төрайымы Назгүл Алимовна Жакишева;
- Атбасар аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы Сабыржан Нұркенұлы Мусабеков;
- интернационалист-жауынгерлер, соғыс және бітімгершілік операциялар ардагерлерінің кеңесінің өкілдері.
Саптық байқауды Атбасар қаласындағы №3 жалпы білім беретін мектептің оқытушысы Тимур Алиевич Күлешов басқарды, ал байқаудың төрешісі Атбасар және Жақсы аудандарының қорғаныс істері жөніндегі біріктірілген бөлімінің бастығының орынбасары, аға лейтенант Арай Қайратұлы Кокашев болды. Іс-шара соңында барлық взводтар саптық байқауға қатысқаны үшін алғыс хаттармен марапатталды, сондай-ақ алғашқы әскери және технологиялық дайындық мұғалімдері мен су тасқынына қарсы іс-шараларға қатысқан азаматтар да марапатталды.
Просмотров: 13


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст