06.05.2025
2025 жылғы 4-6 мамыр аралығында Көкшетау қаласы, Абай атындағы дарынды балаларға арналған№ 3 облыстық мамандандырылған мектеп-интернат базасында Ақмола облысы білім басқармасының «Ақмола дарыны» дарынды балалар мен талантты жастарды анықтау және қолдау орталығының ұйымдастыруымен 5-6 сынып оқушылары арасында Республикалық пәндік олимпиаданың облыстық кезеңі өткізілді.Олимпиаданың мақсаттары мен міндеттері: оқушылардың зияткерлік қызметке және ғылыми білімге қызығушылығын дамыту, дарынды балалармен жұмысты іске асыру шеңберінде білім алушылардың қабілеттерін, бейімділігін іске асыру, ерте бейімдеу үшін жағдай жасау, республикалық пәндік олимпиадаларға қатысу үшін жоғары ынталы білім алушыларды анықтау болып табылады. Байқаудың облыстық кезеңіне Атбасар ауданының 4 оқушысы қатысты: Клочек Алина, Мариновка а. № 1 ЖОББМ 5-сынып оқушысы;
Ерден Аяна-Мариновка а. № 2 ЖОББМ 5 сынып оқушысы;
Оленченко Владимир-Новосельский а. ЖОББМ 5-сынып оқушысы,
Серік Арман-Бастау а. № 2 ЖОББМ 5-сынып оқушысы.
Олимпиада қорытындысы бойынша II-дәрежелі дипломмен «Қазақстан тарихы» пәні бойынша Новосельский а. ЖОББМ 5-сынып оқушысы Оленченко Владимир марапатталды.