30.04.2025
2025 жылғы 29 сәуірде Zoom платформасында Ақмола облысы Білім басқармасының Әдістемелік орталығының және Көкшетау қаласының № 19 ЖОББМ тірек базасында Инклюзивті білім беруді дамыту жөніндегі облыстық ресурстық орталықтың жұмыс жоспарына сәйкес Ақмола облысы мектептерінің арнайы педагогтары мен педагогтарына арналған «Жалпы білім беретін мектептерде ерекше білім беру қажеттіліктерін бағалау және ерекше білім беру қажеттіліктері бар балаларды қолдау.
Бүгінгі семинардың тақырыбы: «Жалпы білім беретін мектепте ЕҚБ бар оқушыларды оқыту және тәрбиелеу кезінде оқу процесін ұйымдастыру және бақылау».
Модератор - Жанғали Ілияс Әбілқазыұлы, №19 ЖОББМ инклюзивті білім беруді дамыту жөніндегі облыстық ресурстық орталығының үйлестірушісі, арнайы педагог, арнайы (дефектологиялық) білім беру магистрі.
Келесі мәселелер қаралды:
1) «Қазақстан Республикасының жалпы білім беру ұйымдарында инклюзивті саясатты іске асыру туралы» - Исмагулова С.К., Ыбырай Алтынсарин атындағы Ұлттық білім беру академиясының инклюзивті білім беруді дамыту жөніндегі білім беру орталығының аға қызметкері;
2) «Мүгедектігі бар адамдардың қолжетімділігін қамтамасыз ету жөніндегі мемлекеттік бақылау» - Ысқақова Ғ.Б., Ақмола облысы бойынша халықты әлеуметтік қорғау саласындағы реттеу және бақылау комитеті департаментінің халықты әлеуметтік қорғау саласындағы бақылау бөлімінің бас маманы;
3) Жалпы білім беретін мектепте психологиялық-педагогикалық сүйемелдеу қызметінің жұмыс тәртібі туралы - Дударева М.А., облыстық әдістемелік орталықтың инклюзивті білім беруді ғылыми-әдістемелік сүйемелдеу бөлімінің басшысы;
4) «Білім беру ортасын құру үшін негіз ретінде ведомствоаралық өзара іс-қимыл» - Темірғалиева А.Ж., педагог-психолог, тифлопедагог «Облыстық психологиялық-медициналық-педагогикалық консультация» КММ;
5) «ПМПК-ға ұсыну үшін психологиялық-педагогикалық сипаттамаларды жасау ерекшеліктері» - Омралинова А.С., Көкшетау қ. ПМПК педагог-психологы;
6) «АҚШ тәжірибесінен: «№ 19 ЖОББМ және № 14 ЖОББМ co-teaching оқыту моделін енгізудің бірлескен жобасы туралы» - Оразалина Ж.С., № 14 ЖОББМ инклюзивті білім беру үйлестірушісі, педагог-психолог; Жанғали І.Ә. - № 19 ЖОББМ инклюзивті білім беруді дамыту жөніндегі облыстық ресурстық орталығының үйлестірушісі, № 19 ЖОББМ арнайы педагогы.
Семинар соңында Ақмола облысының инклюзивті білім беруді дамыту жөніндегі үйлестіру кеңесінің төрағасы Марат Өмірбайұлы Ыбыраев қорытынды жасады.