24.04.2025
2025 жылғы 24 сәуірде Ақмола облысы білім басқармасының Атбасар ауданы бойынша білім бөлімінің ұйымдастыруымен «Біртұтас тәрбие» бағдарламасы аясында аудан мектептері директорларының қатысуымен онлайн-семинар өткізілді. Семинар барысында білім беру ұйымдарындағы тәрбие жұмысының өзекті мәселелері талқыланып, бағдарламаны іске асыру бойынша тиімді тәжірибелер ортаға салынды. Қатысушылар оқушылардың құндылықтық бағдарын қалыптастыру, ата-аналармен ынтымақтастықты күшейту, тәрбие жүйесін дамыту бағытында жүзеге асырылып жатқан жұмыстармен бөлісті.
Іс-шара мектеп басшылары үшін тәжірибе алмасуға, тәрбие жұмысының сапасын арттыруға мүмкіндік беретін маңызды алаңға айналды.
Семинарда келесі мектеп директорлары өз мекемелеріндегі «Біртұтас тәрбие» бағдарламасының жүзеге асырылу барысы туралы баяндама жасады:
Габаров Султан Идрисович
Покровка ауылының жалпы орта білім беретін мектебі
Бовдуева Людмила Олеговна
Сочинский ауылының жалпы орта білім беретін мектебі
Карпиков Адиль Нургалиевич
Самарка ауылының негізгі орта мектебі
Джапарова Баян Жакияновна
Садовый ауылының негізгі орта мектебі
Утегенова Баян Талгатовна
Сепе ауылының жалпы орта білім беретін мектебі
Онлайн-семинар қорытындысы бойынша тәрбие жұмысының тиімділігін арттыру және мектептер арасындағы ынтымақтастықты нығайту бойынша бірқатар ұсыныстар қабылданды.