23.04.2025
2025 жылғы 23 сәуірде Білім бөлімі ұйымдастыруымен Zoom платформасы арқылы «Біртұтас тәрбие» бағдарламасы аясында онлайн-семинар өтті.
Семинарға Атбасар ауданының мектеп директорлары қатысып, бағдарламаның жүзеге асырылуы бойынша өз тәжірибелерімен бөлісті. Онлайн шара барысында тәрбие жұмысының тиімді жолдары, мектептегі тәрбие жүйесінің маңыздылығы және «Біртұтас тәрбие» бағдарламасының практикалық қолданылу ерекшеліктері талқыланды.
Семинарда сөз сөйлегендер:
Бекова Любовь Герихановна – Атбасар қ. №1 ЖОББМ директоры;
Исабаева Гүлжан Тұрсыновна – Атбасар қ. №6 ЖОББМ директоры;
Буряк Қарлығаш Маратовна – Борисовка ауылының ЖОББМ директоры;
Жақыпова Даметкен Серікқызы – Бейс Хазірет НОМ директоры;
Лубенченко Лариса Ивановна – Полтавка ауылының ЖОББМ директоры;
Нижник Светлана Николаевна – Родионовка НОМ директоры.
Барлық қатысушылар тәрбие процесінің бірізділігі мен жүйелілігіне ерекше назар аударды. Семинар қорытындысында бағдарламаның тиімді жүзеге асырылуына бағытталған ұсыныстар айтылып, тәжірибе алмасу жалғасын тапты.