14.04.2025
Атбасар ауданының білім бөлімі бекіткен негізгі іс-шаралар жоспарына сәйкес, 2025 жылғы 14 сәуір күні «Локомотив» стадионы базасында Ұлы Отан соғысының 80 жылдығы мен Атбасар қаласының 80 жылдығына арналған ұлттық мектеп лигасы бағдарламасы аясында 7-8 сынып оқушылары арасында футболдан аудандық кезеңі өтті.
Аудандық мектептердің 14 командасынан 130 оқушы қатысқан бұл жарыста келесі жеңімпаздар мен жүлдегерлер командалық есепте анықталды:
І орын – Атбасар қаласының №2 жалпы білім беретін мектебі;
ІІ орын – Атбасар қаласының №7 жалпы білім беретін мектебі;
ІІІ орын – Атбасар қаласының №8 жалпы білім беретін мектебі;
ІІІ орын – Мариновка ауылындағы №2 жалпы білім беретін мектебі.