Ұлттық мектеп лигасы бағдарламасы аясында 2025 жылғы 11 сәуірде Атбасар қаласының Оқушылар үйі базасында 5-6 сынып ұлдар мен қыздар арасында шахматтан аудандық жарыстар өтті. Жарыстар Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 80 жылдығына және Атбасар қаласының 180 жылдығына арналды. Жарыстарға ауданның 9 мектебінен 36 оқушы қатысты. Жарыс қорытындысы бойынша жеңімпаздар мен жүлдегерлер анықталды:
I орын – Атбасар қаласының №1 жалпы білім беретін мектебі;
II орын – Атбасар қаласының №7 жалпы білім беретін мектебі;
III орын – Атбасар қаласының №2 жалпы білім беретін мектебі.