2025 жылдың 4 сәуірінде «Жас дәурен» сауықтыру лагерінің базасында «Мағжан оқулары» республикалық ғылыми-шығармашылық байқауының облыстық кезеңіне облыстың жалпы білім беретін мектептерінің 7 - 11 сыныптарының оқушылары арасында байқау өтті. Байқаудың мақсаты: мектеп оқушылары арасында Мағжан Жұмабаев шығармаларын насихаттау, оқушылардың шығармашылық қабілеттерін, эстетикалық талғамдарын, тума талант, табиғи дарындыларын анықтау.
Байқауға поэзияны сүйетін, талдай білетін, өлеңді мәнерлеп, көркем оқи алатын, ақындық қабілеті бар аудандық іріктеуден өткен 35 оқушы қатысты. Байқауға қатысқан жас буынның шығармашылық қабілеттері мен табиғи дарындарын құрамында Көкшетау қаламыздың педагогикалық қауымдастығының өкілдері – педагогикалық ғылымдарының докторлары және профессорлар қамтылған білікті қазылар алқасы бағалады. Осы сайысқа Бастау ауылы №1 жалпы білім беретін мектебінің 8 сынып оқушысы Куропятников Артем «Өлең - менің Шолпаным, Айым, Күнім» бағытында қатысып 15-тен астам Мағжанның өлеңдерін жатқа айтып берді. Байқауға қатысқан үшін сертификат берілді.