04.04.2025
2025 жылдың 4 сәуірінде «Жас дәурен» сауықтыру лагерінің базасында Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 80 жылдығына арналған Жас тарихшылар мен өлкетанушылардың зерттеу жұмыстарының облыстық байқауы өтті. Байқауға Ақмола облысының, сондай-ақ Көкшетау қаласының мектептері мен колледждерінің 98 оқушысы қатысты. «Соғыс ардагерлері» номинациясында 2 орынды Атбасар қаласының №8 ЖББМ 10 сынып оқушысы Асаубай Шыңғысхан иеленді. «Мерген, Кеңес Одағының Батыры Әлия Молдағұлованың туғанына 100 жыл» номинациясында 2 орынды Атбасар қаласының №6 ЖББМ 7 сынып оқушысы Семенча Софья иеленді. Қатысқаны үшін сертификаттарды Мельников Матвей, Мариновка А. №1 ЖББМ 9 сынып оқушысы және Атбасар қ. №2 ЖББМ оқушысы Ғабайдулина Маргарита алды.