04.04.2025
2025 жылғы 2-3 сәуірде Көкшетау қаласында “Болашақ Сарайы” кубогына арналған облыстық “Қазақ күресі” турнирі өтті. Бұл жарыста Атбасар ауданын Сепе ауылы мен Мариновка ауылының спортшылары таныстырды. Сондай-ақ, турнирге көршілес облыстардан да спортшылар шақырылды. Жалпы, жарысқа Ақмола және Солтүстік Қазақстан облыстарынан 14 команда, 169 спортшы қатысты.
Кенжеғали Айару – Ақмола облысының үш дүркін чемпионы, “Болашақ Сарайы-2025” кубогының иегері.
Жарыс нәтижелері:
1. Кенжеғали Айару – 1-орын (Сепе ауылы)
2. Тлеухан Нұрислам – 3-орын (Сепе ауылы)
3. Рысқали Нұрислам – “Үздік лақтыру” номинациясы (Сепе ауылы)
Жаттықтырушы: Рахимжанов Жаслан Бақытжанович.