28.03.2025
Отырыста «Оқушыларды мемлекеттік қорытынды аттестаттауға дайындауға арналған ұсынымдар», Поляковская Е.И., «Борисовка ауылының ЖОББМ» КММ педагог-психологы; Дәуренбекова Г.Е., «№ 1 ЖОББМ» КММ педагог-психологы;
«Психологиялық-педагогикалық сүйемелдеу қызметі шеңберінде ерекше білім беру қажеттіліктері бар оқушылармен жұмыс істеу алгоритмі», Димке А.А., «Шуйский ауылы ЖОББМ» КММ педагог-психологы, Штефан О.Р., «№ 3 ЖОББМ» КММ педагог-психологы. Отырыс барысында қатысушылар алдағы мемлекеттік аттестаттауға дайындық, психологиялық-педагогикалық сүйемелдеу қызметі мамандарының ерекше білім беру қажеттіліктері бар балалармен жұмыс істеу мәселелерін талқылады, ұсыныстар беріліп, кейс-ахуал ұсынылды. Отырыс соңында қосымша ұсыныстар енгізіліп, кері байланыс ұсынылды.