"Pro Eco"республикалық экологиялық конкурсының аудандық кезеңі
07.03.2025
2025 жылғы 6 наурызда 5-8 сынып оқушыларына арналған "ProEco" республикалық экологиялық жобалар конкурсының аудандык кезеңі өтті. Атбасар ауданындағы 7 мектебінен 14 оқушы қатысты.. "Үздік экологиялық бастама" номинациясы бойынша 1 орынды Атбасар қаласының №3 ЖББМ оқушылары Саид Қуандықова мен Милена Төлебаевтың топтық жұмысы иеленді. "Таза қала бізден басталады" номинациясы бойынша 1 орынды №8 ЖББМ Талғат Нұрым және Байжан Меруерт оқушыларының топтық жұмысы иеленді. Аудандық кезеңнің жеңімпаздары байқаудың облыстық кезеңіне қатысады.