28.02.2025

2025 жылғы 25 - 28 ақпан аралығында Атырау қаласында 8-11 сынып оқушылары арасында қоғамдық-гуманитарлық бағыттағы пәндер бойынша республикалық ғылыми жобалар конкурсының қорытынды (республикалық) кезеңі өтті.

Ғылыми байқаудың мақсаты-оқушылардың ғылыми-зерттеу және оқу-танымдық қызметін ынталандыру, неғұрлым талантты және дарынды жас зерттеушілерді іріктеу және қолдау, Қазақстан Республикасының зияткерлік әлеуетін қалыптастыруға жәрдемдесу.

Ғылыми жобаларды қорғау бір бағыт, оның ішінде 6 секция бойынша жүзеге асырылады:
«Қазақстанның тарихи ескерткіштері және перспективалы туристік маршруттар», секциялар: тарих, өлкетану, тіл білімі, әдебиет, этномәдениеттану, адам және қоғам.

Ақмола облысынан 12 жобамен 13 оқушы қатысты. Атбасар қ. 3 ЖББМ 9 сынып оқушысы Мұхаммедкәрім Ерсұлтан белсенді қатысты.