26.02.2025
2025 жылдың 10-26 ақпан аралығында аудандық "3D - модельер" сырттай байқауы өтті. Байқаудың мақсаты білім алушылардың интеллектуалдық қабілеттерін, бейнелі және кеңістіктік ойлауын дамыту және қолдау, шығармашылық қабілеттерін анықтау және дамыту және үш өлшемді компьютерлік модельдеуге деген қызығушылық үшін жағдайлар жасау болды. Негізгі міндет - 3D модельдеу саласындағы оқушылардың білімін, дағдыларын тереңдету. Конкурсты өткізу қорытындысы бойынша "сәулетші" номинациясы бойынша 1 орынды №2 ЖББМ 11 сынып оқушысы Акаев Мансур, 2 орынды Сочинское с.ЖББМ 8 сынып оқушысы Кондратенко Полина иеленді. "Артефакт" номинациясы бойынша 3 орынды №4 ЖББМ 6 сынып оқушылары Шамаев Артем мен Нұркеев Санжар "We do Danger" командасы иеленді. Аудандық конкурсқа белсенді қатысқаны үшін барлық оқушылар мен олардың басшыларына алғысымызды білдіреміз.