1) Көрсетілетін қызметті берушілер туралы мәліметтер: «Ақмола облысы білім басқармасының Атбасар ауданы бойынша білім бөлімі» ММ. Заңды мекенжайы Атбасар қаласы, Майкөтов көшесі, № 50 ғимарат.
2) Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы ақпарат:
Атбасар ауданында білім саласында 23 мемлекеттік қызмет көрсетілді.
2024 жылы білім бөлімі мен ведомстволық бағынысты ұйымдар 4567 қызмет көрсетті:
«Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы коммерциялық емес акционерлік қоғамы арқылы көрсетілген -9 қызмет;
ЭҮП арқылы электрондық нұсқада көрсетілген мемлекеттік қызметтер - 1092 қызмет;
қағаз нұсқада көрсетілген мемлекеттік қызметтердің тізбесі (көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі) -1902 қызмет
көрсетілетін қызметті алушымен тікелей байланыссыз көрсетілетін қызметті берушінің ақпараттық жүйелері арқылы электрондық түрі («электрондық үкімет» веб-порталын қоспағанда
www.egov.kz,
www.elicense.kz) - 1184 қызмет.
көрсетілетін қызметті алушымен тікелей байланыс және өтінімді ақпараттық жүйеге қолмен енгізу арқылы көрсетілетін қызметті берушінің ақпараттық жүйелері арқылы электрондық түрдегі («электрондық үкімет» веб-порталын қоспағанда
www.egov.kz,
www.elicense.kz) - 380 қызмет.
Білім беру саласындағы барлық мемлекеттік қызметтер тегін негізде көрсетілді.
1) Неғұрлым сұранысқа ие мемлекеттік қызметтер туралы ақпарат:
Білім беру саласындағы неғұрлым сұранысқа ие мемлекеттік қызметтер:
«Мектепке дейінгі ұйымдарға жіберу үшін мектепке дейінгі (6 жасқа дейін) жастағы балаларды кезекке қою»;
«Мектепке дейінгі ұйымдарға құжаттарды қабылдау және балаларды қабылдау»;
«Бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім берудің жалпы білім беретін бағдарламалары бойынша оқыту үшін ведомстволық бағыныстылығына қарамастан білім беру ұйымдарына құжаттарды қабылдау және оқуға қабылдау»;
«Жалпы білім беретін мектептердегі білім алушылар мен тәрбиеленушілердің жекелеген санаттарына тегін жеңілдікпен тамақтандыруды ұсыну»;
«Балаларға қосымша білім беру бойынша қосымша білім беру ұйымдарына құжаттар қабылдау және оқуға қабылдау»;
«Бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім беру ұйымдары арасында балаларды ауыстыру үшін құжаттар қабылдау»;
«Педагогтарды аттестаттаудан өткізу үшін құжаттарды қабылдау»;
«Мемлекеттік білім беру ұйымдарының білім алушылары мен тәрбиеленушілеріне қаржылай және материалдық көмек көрсету»
«Негізгі, жалпы орта білім туралы құжаттардың телнұсқаларын беру»
«Кәмелетке толмағандардың мүлкіне иелік ету үшін анықтамалар беру»
2. Көрсетілетін қызметті алушылармен жұмыс:
1) Мемлекеттік қызметтер көрсету тәртібі туралы ақпаратқа қол жеткізу көздері мен орындары туралы мәліметтер.
Көрсетілетін қызметті алушыларға арналған барлық қажетті ақпарат білім бөлімінің ресми интернет-ресурсында
https://atbasar.aqmoedu.kz/con.../gosudarstvennye-uslugi-754 «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер» бөлімінде орналастырылған. Сондай-ақ, барлық ведомстволық бағынысты ұйымдарда ақпараттық стендтерде мемлекеттік қызмет көрсету ережелері орналастырылған. Өзіне-өзі қызмет көрсету бұрыштары жұмыс істейді.
1) Мемлекеттік қызметтер көрсету тәртібін айқындайтын заңға тәуелді нормативтік құқықтық актілердің жобаларын жария талқылау туралы ақпарат.
Қазіргі уақытта заңға тәуелді құқықтық актілердің жобаларын жария талқылау ашық нормативтік құқықтық актілердің интернет-порталында жүзеге асырылады. Білім бөлімі мен ведомстволық бағынысты ұйымдар нормативтік құқықтық актілерді әзірлеген жоқ.
1) Мемлекеттік қызметтер көрсету процесінің ашықтығын қамтамасыз етуге бағытталған іс-шаралар (түсіндіру жұмыстары, семинарлар, кездесулер, сұхбат және басқалар).
2024 жылы білім бөлімі мен ведомстволық бағынысты ұйымдар БАҚ пен әлеуметтік желілерде 337 мақала және 4 тікелей эфир жариялады. Ай сайынғы негізде көрсетілетін қызметті берушілердің БАҚ, интернет-ресурстары арқылы мемлекеттік қызметтерді ұсыну тәртібі туралы халықты хабардар ету бойынша жұмыс жүргізіледі.
2. Мемлекеттік қызметтер көрсету процесін жетілдіру бойынша қызмет.
Сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін төмендету және Мемлекеттік қызмет көрсету сапасын арттыру мақсатында Атбасар қаласы бойынша барлық мектепке дейінгі, орта білім беру ұйымдары
Akmola.kz. АЖО.бірыңғай ақпараттық жүйеде, жұмыс істейді. Жүйеде 4 автоматтандырылған мемлекеттік қызмет іске асырылуда.
Сондай-ақ, 2024 жылдан бастап барлық білім беру ұйымдарында Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің жүйесі жұмыс істейді, онда 15 мемлекеттік қызмет қолжетімді.
1) Мемлекеттік қызметтер көрсету саласындағы қызметкерлердің біліктілігін арттыруға бағытталған іс-шаралар.
Білім беру саласында қажетті компьютерлік техникамен қамтамасыз етілген 160 қызметкер мемлекеттік қызмет көрсетеді, 2024 жылы 88 қызметкер мемлекеттік қызметтер бойынша біліктілікті арттыру курстарынан өтті.
3. Мемлекеттік қызмет көрсету сапасын бақылау.
Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша көрсетілетін қызметті алушылардың шағымдары туралы ақпарат.
1) 2024 жылы мемлекеттік қызмет көрсету туралы шағым түскен жоқ.
2) Мемлекеттік қызметтер көрсету сапасына ішкі бақылау нәтижелері.
Бекітілген бақылау іс-шараларының жоспарына сәйкес Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметтер саласындағы заңнамасын сақтау мәселесі бойынша 12 білім беру ұйымында бақылау іс-шаралары жүргізілді. Бақылау іс-шараларын жүргізу кезінде бірқатар ұйымдарда бақылау іс-шаралары барысында жойылған жекелеген сәйкессіздіктер байқалды. Жалпы, олар көрсетілген мемлекеттік қызметтердің сапасына әсер еткен жоқ. Мемлекеттік қызмет көрсету мерзімдерін бұзу және негізсіз бас тарту анықталған жоқ.
1) Мемлекеттік қызметтер көрсету сапасының қоғамдық мониторингінің нәтижелері.