24.02.2025
Акмола облысының жалпы білім беретін мектептерінің 9–11 сынып оқушылары (ер балалар) арасында баскетболдан облыстық жарыстар. Акмола облысының жалпы білім беретін мектептері арасында өтетін ұлттық «Мектеп лигасын» өткізу ережесіне сәйкес, 2025 жылғы 21 ақпанда Атбасар қаласының «Олимп» спорт-сауықтыру кешенінде 9–11 сынып оқушылары арасындағы аудандық кезеңдердің жеңімпаз командаларының қатысуымен облыстық аймақтық баскетбол жарыстары өтті. Жарысқа Атбасар, Жақсы, Есіл және Сандықтау аудандарынан келген 40 оқушы қатысты. Жарыс қорытындысы бойынша Атбасар қаласының №2 жалпы білім беретін мектебінің командасы бірінші орынды иеленді. Атбасар ауданының білім бөлімі облыстық жарысты ұйымдастыруға жоғары деңгейде дайындық жүргізгені үшін Атбасар қаласының «Олимп» спорт-сауықтыру кешенінің әкімшілігіне алғыс білдіреді.