20.02.2025
19 ақпан күні «Сепе ауылының ЖББОМ»-КММ-де география пәнінен 9»Б»-сыныбында ашық сабақ өткізілді. Сабақ тақырыбы» Урбандалу үдерісі, Қазақстанда урбандалу үдерісіне баға беру». Сабақта пән мұғалімі С. Турсунбаев әр-түрлі әдіс тәсілдерді қолданды. «Қарындашты жинау» әдісі арқылы үй тапсырмасын сұрады. Мұғалім тақырыпты ашу үшін, Балық қаңқасы әдісін пайдаланды. Сонымен қатар оқушылар Қазақстан аймақтарының урбандалу деңгейін анықтау бойынша тапсырмаларды орындады.Оқушылар белсенді жұмыс жасады, бұл тақырыптың негізгі ережелерін бірлесіп анықтады. Сабақтың соңында тақырыпты бекіту үшін тестілеу жүргізілді. Рефлексия кезінде оқушылар сабақ туралы жақсы пікір қалдырды.