28.01.2025
Ақмола облысы бойынша Ілияс Есенберлиннің 110 жылдығына орай «Ұлттық рухтың шырағы» атты «Көшпенділер» триллогиясын оқу челленджі басталды. Кітап оқу челленджі – әдеби тарихи туындыларды оқыту арқылы ұлттық патриоттық сезімді ояту. Ақмола облысы білім басқармасы қазақ әдебиетінің көрнекті өкілі, өнімді еңбек еткен аса көрнекті жазушы Ілияс Есенберлиннің 110 жылдығына орай «Ұлттық рухтың шырағы» атты «Көшпенділер» триллогиясын оқу челленджін 21.01.- 21.02.2025 ж. аралығында өткізеді. Челлендж 8-11 сынып оқушыларына, кітапханашыларға, жалпы орта мектептеріне арналады. Мақсаты Ілияс Есенберлиннің шығармашылық мұрасын дәріптеу, жазушының қазақ әдебиетінің дамуына қосқан үлесін оқырмандарға таныстыру. Оқуға ұсынылатын шығармалар: Ілияс Есенберлиннің «Көшпенділер» трилогиясы: «Алмас қылыш» романы, «Жанталас» романы, «Қаһар» романы.