20.01.2025 күні ЖОББМ№7 мектебінің информатика мұғалімі Бекишев Ә. Т информатика және цифрлық сауаттылық апталығының ашылуында өзінің оқушыларының жұмыстарын көрсетті. Оқушылар LEGO®️ MINDSTORMS®️ EV3 Education жинағын қолданып 8-сынып оқушылары Адырбаев Ернар мен Октябров Ерхан - «BST-2» жеке жылжымалы витрина, «Қоқыс жинағыш роботы», «Карусель», «Миксер», «Әмбебап» (универсальный) роботы, 6-сынып оқушысы Чопабек Әмірхан – «Электромобиль үлгісі», 7А сынып оқушысы Серикбаев Мади – «Қадам басып жүретін» (шагающий) робот, 7А сынып оқушысы Серикпай Елжас – «Робот-манипулятор» атты модельдерінің демонстрациясын жасады. Бастауыш сыныптардың оқушылары, қызығушылық танытып, жылжымалы витринадан түс датчигінің көмегімен ұнаған тауарды таңдауға үйренді. 7-11 сыныптардың оқушылары жасанды интеллекттің толықтырылған шыңдық мүмкіндіктерін қолданып Quiver платформасындағы дайын үлгілерді бояумен безендіріп, «Жандандырылған суреттер» арқылы саяхат жасап, лабиринт, футбол ойындарына қатысты.