9-11 сынып оқушылары арасында Республикалық пәндік олимпиаданың облыстық кезеңі
09.01.2025
Көкшетау қаласында 2025 жылғы 5-9 қаңтар аралығында Ақмола облысы білім басқармасының «Ақмола дарыны» дарынды балалар мен талантты жастарды анықтау және қолдау орталығының ұйымдастыруымен 9-11 сынып оқушылары арасында Республикалық пәндік олимпиаданың облыстық кезеңі өткізілді. Байқаудың облыстық кезеңіне Атбасар ауданынан 12 оқушы қатысты. Олимпиаданың қорытындысы бойынша ІІІ дәрежелі дипломдармен Атбасар қ. № 7 ЖОББМ 11 сынып оқушысы Аяулым Бабаева, Атбасар қ. № 1 ЖОББМ 9 сынып оқушысы қазақ тілі мен әдебиеті пәні бойынша Фуярова Раяна; Атбасар қ. № 2 ЖОББМ 11 сынып оқушысы орыс тілі мен әдебиеті пәні бойынша Вежновец Вероника марапатталды. 4 орынды - Атбасар қ. №8 ЖОББМ 11 сынып оқушысы Зиякулова Сабина қазақ тілі мен әдебиеті пәні бойынша алды.