08.01.2025
Кәсіби ынтымақтастық пен педагогикалық тәжірибе алмасу аясында 2025 жылғы 8 қаңтарда математика және физика пәні мұғалімдерінің аудандық қауымдастығының кезекті отырысы өтті. Іс-шара №8 орта мектептің базасында өткізіліп, аудан мектептерінің мұғалімдерін біріктірді. Отырыстың негізгі мақсаты – математика және физика пәндерін оқытудың өзекті мәселелерін, оқытудың жаңа тәсілдерін енгізуді, сондай-ақ білім беру стандарттарын оқу үдерісінде жүзеге асыруды талқылау болды. Кездесу барысында мұғалімдер әртүрлі әдістерімен бөлісті:
• дифференцияланған тапсырмаларды пайдалану (№1 орта мектептің математика пәні мұғалімі Мартин С.В.);
• инклюзивті сыныпта сабақ жоспарын қалай әзірлеу керек (Құрманғожина Қ.А.);
• БЖБ және ТЖБ құрастыру мен талдау мәселелері қарастырылды.
Отырыс педагогтардың күш-жігерін біріктіру тек білім сапасын арттыруға ғана емес, сонымен қатар кәсіби қауымдастықты нығайтуға ықпал ететінін көрсетті.