05.12.2024
2024 жылғы 4 желтоқсанда Ыбырай Алтынсарин атындағы Білім академиясымен ZOOM платформасында «Қазақстанның жалпы білім беретін мектептерінде инклюзивті саясатты іске асыру мәселелері» - «Вопросы реализации инклюзивной политики в общеобразовательных школах Казахстана» тақырыбында республикалық вебинар өткізілді. Вебинарға Ақмола облысы білім басқармасының облыстық Әдістемелік орталығының әдіскерлері, сондай-ақ аудандық және қалалық білім бөлімдерінің әдіскерлері қатысты, Атбасар ауданынан Атбасар ауданы бойынша білім бөлімінің әдіскері О.С. Мотузкова тыңдаушы болды. Білім беру саласындағы «Жайлы мектеп» ұлттық жобасына сәйкес «Білім беру ұйымдарында жайлы және қауіпсіз білім беру ортасын құру» басты міндет болып табылады. Спикер- Ы.Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясының инклюзивті білім беру орталығының бас сарапшысы. Исмагулова С.К. инклюзивті білім беру ортасын ұйымдастыр у бойынша мәселелерді егжей-тегжейлі ашып, мектепте инклюзивті мәдениетті қалыптастыру, арнайы ұйымдармен өзара іс-қимыл жасау қажеттігін еске салды. Білім беру ұйымдарында психологиялық-педагогикалық сүйемелдеу қағидалары, Ерекше білім беру қажеттіліктерін бағалау қағидалары, ҚР жалпы білім беретін мектептерінде инклюзивті білім берудің жай-күйі туралы Алтынсарин атындағы ҰБА мониторингтік зерттеулерінің нәтижелері, орта білім беру ұйымдарында білім алушыларды психологиялық-педагогикалық сүйемелдеудің жай-күйі бойынша әдістемелік ұсынымдар берді. Сондай-ақ, вебинарда білім алушылардың әртүрлі білім беру қажеттіліктерін қолдауды көздейтін әмбебап оқыту дизайнының технологиясы туралы ақпарат тыңдалды. «Атбасар ауданы бойынша білім бөлімі» ММ вебинарды жоғары кәсіби деңгейде ұйымдастырғаны және өткізгені және инклюзивті білім беру бойынша өзекті мәселелерді ашқаны үшін алғыс білдіреді.