02.12.2024
2024 жылғы 2 желтоқсанда ауданның білім беру мекемелерінде «Күйзеліске жол жоқ!» тақырыбында психология апталығының ашылуы өтті. Психология апталығы аясында салтанатты жиындар өтті, «Бүгін мектепке қандай көңіл – күймен келдің» сауалнамалары, оқушылар жағымды көңіл-күй тартқан арт-шеберханалар, «Мазасыздықты жою және күйзеліспен күрес» сынып сағаты, «Бақытты жағдай», «Көңіл-күй ізімен» акциялары, «Ойын шоуы» викторинасы өткізілді, педагог-психологтармен «Мазасыздық пен күйзеліс, оны қалай жеңуге болады?» жадынама, «Эмоциялар әлеміне саяхат» көріністері, «Эмоциялар әлемі» флешмобы, ақпараттық бұрыш дайындалды. Білім беру мекемелерінде ақпараттық стендтер ресімделіп, онда психология апталығын өткізу жоспары, ұсынымдар мен тілектер орналастырылды.