«Ақмола облысы білім басқармасының Атбасар ауданы бойынша білім бөлімі» мемлекеттік мекемесі өз қызметін «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» Қазақстан Республикасының 2013жылғы 15 сәуірдегі Заңына, мемлекеттік қызмет көрсету ережелеріне сәйкес жүзеге асырады.
«Кейбір бұйрықтарға өзгертулер енгізу туралы» «Ақмола облысы білім басқармасының Атбасар ауданы бойынша білім бөлімі» мемлекеттік мекемесі басшысының 2020 жылғы 5 қантардағы № 02-03/11-1 бұйрығы бойынша мемлекеттік қызметтер көрсетуге жауапты тұлғалар бекітілді.
Білім беру саласында мемлекеттік қызметтердің 23 түрі көрсетіледі. Мемлектеттік корпорация арқылы 9 мемлекеттік қызмет түрі, «электрондық үкімет» порталы арқылы 18 мемлекеттік қызмет түрі, мемлекеттік органмен 10 мемлекеттік қызмет түрі көрсетіледі. Мемлекеттік қызметтердің 23 түрі бойынша қағидалар бекітілген. Барлық қызметтер тегін көрсетіледі.
- мектепке дейінгі балалар ұйымдарына жіберу үшін мектепке дейінгі (6 жасқа дейін) жастағы балаларды кезекке қою - 626;
- мектепке дейінгі білім беру ұйымдарына құжаттарды қабылдау және балаларды қабылдау – 658;
- бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім берудің жалпы білім беретін бағдарламалары бойынша оқыту үшін ведомстволық бағыныстылығына қарамастан, білім беру ұйымдарына құжаттар қабылдау және оқуға қабылдау – 915;
- балаларға қосымша білім беру бойынша қосымша білім беру ұйымдарына құжаттар қабылдау және оқуға қабылдау – 129;
- жетім балаға (жетім балаларға) және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаға (балаларға) қамқоршылық немесе қорғаншылық белгілеу – 15;
- кәмелетке толмаған балалардың мүлкiне иелiк ету үшiн анықтамалар беру – 17;
- он жасқа толған баланың пікірін есепке алу туралы қорғаншылар
мен қамқоршылар органдарының шешімін беру – 36;
- бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім беру ұйымдарына денсаулығына байланысты ұзақ уақыт бойы бара алмайтын балаларды үйде жеке тегін оқытуды ұйымдастыру үшін құжаттар қабылдау – 10;
- мемлекеттiк бiлiм беру мекемелерiндегi бiлiм алушылар мен
тәрбиенушiлердiң жекелеген санаттарына қала сыртындағы және мектеп
жанындағы лагерьлерде демалуы үшiн құжаттар қабылдау және жолдама беру – 22;
- қамқоршыларға немесе қорғаншыларға жетім баланы (жетім балаларды) және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған баланы (балаларды) асырап-бағуға жәрдемақы тағайындау – 16;
- негізгі орта, жалпы орта білім беру туралы құжаттардың телнұсқаларын беру – 38;
- мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту, бастауыш, негізгі орта, жалпы орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарының педагог қызметкерлері мен оларға теңестірілген тұлғаларға біліктілік санаттарын беру (растау) үшін оларды аттестаттаудан өткізуге құжаттарды қабылдау – 203;
- қорғаншылық және қамқоршылық жөнінде анықтамалар беру – 2;
- негізгі орта, жалпы орта білім беретін ұйымдар арасында балалар ауыстыру үшін құжаттарды қабылдау – 496;
- мемлекеттік орта білім беру мекемелерінің басшыларын орналастыру конкурсына қатысу үшін құжаттарды қабылдау – 10.
Сондай-ақ мемлекеттік қызметтер бойынша дәлелді бас тартулар болды:
- Жетім балаға (жетім балаларға) және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаға (балаларға) қамқоршылық немесе қорғаншылық белгілеу – 1;
- Негізгі орта, жалпы орта білім туралы құжаттардың телнұсқаларын беру-1;
- Кәмелетке толмағандардың мүлкіне иелік ету үшін анықтамалар беру-3.
Білім бөлімінде және білім беру ұйымдарында мемлекеттік қызметтерді көрсету уақыты, орны туралы тиісті ақпараттар мен қажетті құжаттар топтамасы көрсетілген стендтер орналасқан.
Мемлекеттік қызмет көрсетудің ашықтығын қамтамасыз етуге және сапасын жақсартуға бағытталған іс-шаралар жүргізілуде.
2020 жылы Instagram әлеуметтік желісінде 5 Тікелей эфир өткізілді, мемлекеттік қызметтердің 23 түрі бойынша мақалалар жарияланды.
2020 жылы Мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша қызмет алушылардан шағымдар түскен жоқ.